"Ядролық қарусыз ерікті әлем құру – игілікті іс"
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун
1945 жылы тамыз айында АҚШ жапон қалалары Хиросима мен Нагасакиге ядролық сынақ жасаған еді... Осы зұлмат істің 200 мыңнан аса адамның өмірінің қиылуына кесірі тиді.
Содан соң, алты жылдан кейін, 1955 жылы 6 тамызда Хиросимада алғашқы атом бомбалары мен ядролық қаруларға қарсы халықаралық конференцияның тұсауы кесілді. Әр жыл сайын жапон тұрғындары осы зұлматтың кесірінен көз жұмған жандарға тағзым етіп, бір минуттық үнсіздікпен мыңжылдық ұмытылмас қайғыларын еске алады...
XX ғасырдың екінші жартысында бұл оқиғаның дауы әлемдік ұйымдар үшін бас қатыратын шаруаға айналды. Қанша жыл өтсе де, әлі де зияны бітіп болмаған ядролық бомбаның қатерлі қоспалары талай адамның өмірімен ертерек қоштасуына себепкер болып жатыр.
Ал халықаралық ядролық қаруларға қарсы күн (International Day Аgainst Nuclear Tests) БҰҰ-ның 64-жиналысында бекітіліп, күнтізбеге қаралы әріптермен белгіленді. Бұл сессия 2009 жылы 2 желтоқсан күні өткен болатын. Содан кейін бұл атаулы күн 29 тамызға ауыстырылды.
Онда қаралған қарардың қосымша мәліметі бойынша «ядролық қарулардан жапа шегуді тоқтатып, ерікті әлем құру керек екендігі» айтылды.
Келісім-шарт қол қойылуға 1996 жылы ұсынылып қойса да, әлі күнге дейін оған қол қоймаған мемлекеттер жоқ емес.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: holiday.onru.ru, anti.fishki.net, epochtimes.ru