Бүгін - дүниежүзілік қатерлі ісік ауруларымен күрес күні

2005 жылдан бері қатерлі ісікке қарсы халықаралық қоғамдастықтың ұйымдастыруымен жыл сайын Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруымен күрес күні (World Cancer Day) атап өтіліп келеді. Бұл күннің мақсаты - қоғамдағы адамдардың назарын осы бір жаһандық мәселеге аудару және онкологиялық аурулардың қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіру.

2008 жылдан бастап әрбір күн белгілі бір тақырыпқа арналып, тақырыпқа сай іс-шаралар жүргізілуде. Мәселен, 2008 және 2009 жылдардың тақырыбы "Балалар мен жасөспірімдерге темекі түтінісіз орта қалыптастыру" болса, 2010 жылғы тақырып: "Қатерлі ісік тудырушы вирустарға қарсы қолданылатын вакциналар туралы ақпараттарды тарату"; Одан кейінгі жылдар "Балалар мен жасөспірімдерді күннен келетін ультракүлгін сәулелерден сақтанып үйретуге" арналып отыр.

Онкологиялық аурулар әрқашан да трагедия болып саналады. Алайда дәрігер мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда қатерлі ісік ауруларының тууына әсер ететін себептердің барлығы да белгілі болғандықтан, дер кезінде қаралған науқасты емдеп шығаруға мүмкіндіктер бар. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын әлемде 400-500 мың адам осы аурудың зардабын шегеді екен.

Аяулы оқырмандар! Өз денсаулығыңыз, өз өміріңіз өзіңіздің қолыңызда екендігін біліңіз! Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстансаңыз, сіз жеңбейтін сырқат жоқ.

Суреттер:altaynews.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева