Бүгін Антарктидада Hugh Broughton Architects сәулет студиясы жасаған Halley VI мобильді бекеті ресми түрде іске қосылмақ.
Зерттеу бекеті шаңғымен жабдықталған аяқтары бар бірнеше жеке модульдерден тұрады. Осындай мүмкіндігі бар бекет бір орыннан екінші жерге оп-оңай жылжи алады.
Бекет бірнеше жыл қызмет жасайды деп есептелген. Қазіргі кезде оңтүстік полюсте орналасқан бекеттер мұздардың еруі салдарынан өздерінің бастапқы орындарынан бірнеше шақырымға алыстап кеткен. Сондықтан да дәл осындай өздігінен жылжитын станцияның салынуы зерттеуге кесірін тигізетін көптеген мәселелердің алдын алмақ.
Halley VI бір-бірімен байланысты 8 жеке модульден тұрады. Бекетте бір мезгілде 50 зерттеуші маман жұмыс жасай алады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com