- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Бір уақытта ән...
Бір уақытта ән айтып, би билеп, сурет салатын адам
Сурет, би, әнді бір уақытта орындау тек Дэвид Гарибальдидің қолынан келетін шығар. Америкада туған талант иесі бүгінгі таңдағы ең белді жұлдыздардың санатына жатады. Миллиондаған тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, айтулы биіне тәнті қылып, екі қолға ұсталған қылқаламымен талай ортада өнер көрсетіп жүр.
Балалық шақтан бастап, өнер десе ішкен жерге қоятындардың бірі Дэвид болатын. Ата-анасы қарсылық көрсетпеген соң, өнердің даңғыл жолына қадам басыпты. Мектеп табалдырығында жүріп хип-хопқа қызығып, Сакраменто елді-мекенінің түкпір-түкпіріне сызбалы суреттерін қалдыруға тырысқан.
Бір жолы, тіпті, көше өнерін үйренем деп жүріп көштен қалған күндері болған. Аттай құрдастарынан мектеп табалдырығын бір жылға кеш аттап шыққан. Кеш аттап шықса да, есесіне, сол бір жылға толы уақыт ішінде өмір күнделігін қайта аударып шығып, ойланып-толғана келе әйгілі суретші болам деп бекінген.
Бүгінгі таңда 29 жастағы Гарибальди айтулы өнерінің арқасында миллиондаған доллардың басын жиып үлгеріпті. Және ең ізгісі ол, аталған қомақты қаржының барлығын дерлік қайырымдылық қорына аударған.