Бір шыныаяқ кофе – бір сүйіс!

Француздың “Metro St. James” кафесі бір шыныаяқ кофені бір сүйістің құнына сатады. Маркетингтік осы бір сәтті бастама үлкен танымалдылық алып келген. Сиднейде ашылғанына 3-ақ ай болыпты.

Маусым біткенше таңертеңгі сағат 9 бен 11 арасында бас сұғушыларға бір шыныаяқ кофенің құнын сүйіспен қайтаруларын өтінеді. "Романтика қайта оралсын! Сүйіктіңізбен бірге келіңіз. Және сізден ақша емес, сүйіспеншілікті талап етеміз. Біздің кофелердің қайталанбас дәмі үшін..." - деген сөздер "Фейсбук" беттерінде жүр.

Қытыққа тиетін сөз бен қызықты бастама жалғыздықта жүрген жандарға да арналған. Мұнда тек жұптар кірсін деп шектеу қойылмайды. Ең бастысы, акцияның бір қажетке жарағаны маңызды. Және батылдық танытқан ерлер ұжымдағы әріптестерімен (қыз-келіншектерді) немесе көшенің арғы бетінде танысқан сұлу бойжеткендермен келіп жатады екен.

Бірден айтуға тиіс нәрсе, бұл жерде сүйістің шынайылығына мән беріледі. "Жасанды" сүйіс болса, қабылданбай тасталынады.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Q0MNJkOohAk","width":"450","height":"240"});

Cурет:drunov.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек