35 мың халқы бар 160 шаршы шақырым жерде орналасқан еуропалық мемлекет жайлы хабарыңыз бар ма? Естімеген болсаңыз, назар салыңыз!
Егер қалтаңыз көтерсе, дәл осы елді бір күнге жалға алып, өзіңізді үйіңіздегідей сезініп жүруіңізге әбден болады. Ақшаңызды шықырлатып дайындап жатырсыз ба? Соншалық қымбат та емес. Бақандай бір елді бір күнге жалға алу үшін бар болғаны 70 мың доллар бересіз. Осы қаражатты қалтаңыздан алып лақтырыңыз да, бір күнді өз қалауыңызша өткізіңіз! Өзіңіздің патшалығыңызда жүргендей сезінуіңіз үшін қалтасы қалың жандарға бұл түкке де тұрмайтын шығын. Солай емес пе?
Сонымен қатар, онда өзіңізбен бірге 150 қонақ кіргізе аласыз. Таулар мен шыңдардың әсем көріністеріне куә болып шалқып бір демалатыныңыз тағы бар... Вадуц қаласына түгел саяхат жасап, тамаша экскурсиялық орындарға тап боласыздар. Тек осы қызықтардың бәрі бір күнде өте шығатыны - сәл мұңайтатын жайт.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: factopedia.ru, subscribe.ru, liveinternet.ru