«D» деген өзен туралы естігеніңіз бар ма? Жоқ әлде «А» атты ауылдың бар екенін білесіз бе? Әлемде географиялық атауы өте қысқа атауларды саусақпен санап шығуға болады. Бұл атаулардың барлығы жергілікті тілде ерекше мағына береді. Массагет порталы назарларыңызға географиялық атаулары тым қысқа өзен-көл, ауылдарды ұсынады.
1. «А» ауылы , Норвегия
"А" — бұл ауыл Норвегияның Москенес қаласының Лофортен аумағына жатады. Негізінен бұл ауылдың дәстүрлі шаруасы - балық аулау. Бірақ, бүгінде "А" ауылы туристік аймаққа айналған. Бұл қалада Лофотен балығының арнайы мұражайы орналасқан.
2. «D» өзені, АҚШ
"D" өзені АҚШ-тың Орегон штатына қарасты Линкольн қаласынан бастау алады. Бір кездері бұл өзен әлемнің ең қысқа өзені аталып, Гиннес рекордтар кітабына енген. Оның ұзындығы бар болғаны 440 фут (130 метр). Дегенмен бұл өзен 1989 жылы рекордтар кітабынан шығарылды. "D" өзенінің орнына бүгінде Гиннестар кітабында Роу өзені кірген.
3. «Ø» шатқалы, Дания
Ø — шатқалы Norrea аймағында орналасқан Данияның Ютландия қаласының аумағында. Бұл атаудың мағынасы - арал деген мағынаны береді. (ø дат тілінде). Бірақ бұл аймақта ешқандай өзен де, көл де жоқ. Негізінен бұл атауды лексикографтар көп зерттейді.
4. «E» өзені, Ұлыбритания
"Е" өзені Шотландияның таулы аймақтарында. Monadh Liath өзенінің солтүстік-батысынан басталып, Лох-Несс өзенінің оңтүстік-шығысымен шектеседі. Өзен таулы аймақтан басталатындықтан, жылдамдығы жоғары.
5. «А» ауылы, Швеция
"А" -ауылы Швецияның Норчепинг қаласына қарасты Эстергетланд аумағында орналасқан. Бұл ауылдың тұрғындар саны - 200. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, Швеция елінде "А" атаулы тағы 12 ауыл бар екен.
6. «Y» ауылы, Франция
"Ү" ауылы Францияның солтүстігіндегі Сомма және Пикардив аймағына жатады. Бұл ауыл Франциядағы атауы ең қысқа ауыл. Ауылдың тұрғындары өздерін «Ypsilonien (ne) s» деп атайды.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет:mirfactov.com