Бортсерік жолдорбада болуы тиіс ең қажет нәрсені атады

Бортсерік жолдорбада болуы тиіс ең қажет нәрсені атады
Фото: Reddit

Өз жұмысы туралы әңгімелерімен әлеуметтік желілерде танымал болған америкалық бортсерік Кэт Камалани чемоданға ең қажет затты атады. Бұл туралы The Sun басылымы жазды.

Бортсерік саяхатшыларға жолға шығарда душ қабылдағанда киетін бір рет пайдалануға жарайтын бас киім алып, оған аяқ киім салуға кеңес берді. Сонда ол лас аяқ киімдердің басқа заттарды бүлдіруіне жол бермейді.

"Бұл сіздің киіміңізді қорғауға және бәрін таза ұстауға көмектеседі", - деді ол. 
 
Кэт көптеген қонақүй мұндай бас киімдерді тегін беретінін атап өтті.

kaz.tengritravel.kz

Г. Берік