Бора Бора аралы

Бора Бора аралы

60 жылдары Бора Бора аралы әлемнің ең әдемі аралы атанған болатын. Және осы күнге дейін аталуда. Француз Полинезиясының шипажайы әрі Тынық мұхитының маржаны. Ол Таитидің солтүстік-батысында 240 шақырым жерде орналасқан. Өлі жанартаудың әсерінен аралдың қақ ортасында екі құз пайда болған. Ал шетін мүйіс қоршап тұр.

«Бора Бора – әлемнің ең әдемі аралы» атағын экзотикалық көрінісі мен түрлі-түсті флорасы, сан алуан жануарлар түріне толы фаунасының арқасында алған. Маржан түстес саябақтарды аралап, акулалар мен басқа да жануарларға жем беру келушілердің саяхатын жандандыра түседі. Мүйіс түбінде экскурция кезінде жем беруге рұқсат етілетін барракудтар мен акулалар бар.


Бора Бораның қақ ортасында әр түрлі балықтарға толы үлкен Лагунариум (аквариум) салынған. Осы жерге суға түсіп, тасбақалар, акулалармен бірге жүзсеңіз болады. 

Бұдан өзге италиян, француз, шығыс, аустралия елдерінің тағамдарын дайындайтын мейрамханалар да бар. Тамақ ішетін орындар тек құрғақ жерлерде емес, су бетінде де орналасқан.

Бора Бора аймағында 7500 адам тұрады. Ал аралдың батыс жағындағы Вайтапе аймағында 4000 тұрғын қоныстанған. Арал экономикасын көтеріп, тұрғындарға жайлы өмірді қамтамасыз етіп отырған - туризм.

Көпшіліктің пікірінше, аралдың оңтүстігіндегі Матира жағажайы Француз Полинезиясындағы ең әдімісі. Оның сәнін кіргізіп тұрған биік какос ағаштары. Ал жағажайдың ұзындығы 3 шақырым.  


Бора Бора мүйісі жаңадан жаттығып жүрген дайверлер үшін таптырмас орын. Маска менен түтікшені тағып алып су түбіне сүңгу – жанға рахат сыйлайтын құбылыс. Ондайға Тапу, Пити АУ және Пити Ута су асты жерлері жақсы. Оның әдемілігін суреттен көргенше, өз көзіңізбен көргеніңіз дұрыс.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: holidaim.ru

Қ. Бүйенбай