Бизнес те өзге салалар секілді өзіндік терминдерден тұрады. Бұл терминдерді кез келген бизнес бастаймын деушілер білуі керек. Balbal.kz мотивациялық сайты назарыңызға негізгі бизнес терминдерді ұсынады.
А/В тестілеу – тауардың екі нұсқасын салыстыру. Бұл арқылы қай тауардың тез сатылатынын немесе тиімді екенін тексереді.
Блеймсторинг – мақсатқа жетуге кедергі болған факторды немесе адамды ұжым болып іздестіру әдісі.
Бутстреппинг – компанияны сырттан қаржы іздемей-ақ, өз қаржысы арқылы қамтамасыз ету.
Бенчмаркинг – компанияның көрсеткішін жалпы саланың орташа көрсеткішімен, бәсекелестердің статистикасымен салыстыру.
Ашық мұхит – мүлде бәсекелес жоқ жаңа сала.
Дауншифтинг – жалақы және мансаптан бас тартып, «өзі» үшін өмір сүруді дәріптейтін өмірлік философия.
Дисижнмейкер – шешім қабылдайтын маман. Бұл термин сату бөлімінде маңызы зор.
АТ-евенгелист – ақпараттық технологиялар саласында үгіт-насихат жұмысымен шұғылданатын маман.
Краудинвестинг – онлайн-сервистер арқылы инвестиция жинау процесі.
Краудшиппинг – қажетті маршрут арқылы жүретін қарапайым турист немесе жолаушы арқылы тауарды жеткізу.
Маркетингтік лид – сайтта байланыс нөмірін қалдырған тұрақты клиенттер немесе тауарға қызығушылық танытқандар.
Митап – тәжірибе алмасуға немесе мәселелерді талқылауға бағытталған мамандардың кездесуі.
Необанктер – ғаламтор арқылы қызмет көрсететін банктер.
Перфоманс-менеджмент – мамандардың кәсібилігін, мақсатқа жету процесін бақылауға бағытталған басқару үлгісі.
Пивот – бизнес-үлгіні, тауарды немесе стартаптың саласын өзгерту.
Прекариат – уақытша міндетті орындайтын мамандар.
Роадмап – компанияның алдағы әрекеттерін жоспарлау.
Токен – инвестордың кәсіпорыннан алып отыратын цифрлық активтері.
Трекшн – белгіленген уақыт аралығындағы жобаның алға жылжуын, коммерциялық көрсеткіштерін бақылау.
БСҰ (бірегей сауда ұсынысы, уникальное торговое предложение) – компанияның бәсекелестерден артықшылығын көрсететін ұсынысы.
Экзит – компаниядағы үлесті сату.
ARR (Annual Recurring Revenue) – жылдық жаңарып отыратын табыс.
Burn rate – ай сайынғы компанияның шығыны, орта есеппен алынады.
MVP – тауардың қарапайым прототипі. Бұл нарықтағы сұранысты тексеруге арналады.
CPC – ғаламторда жарнама беру. Сайт иесі жанаманы сайтына орналастырады. Ал клиент оның қаржысын төлейді.
Churn rate – компаниямен қарым-қатынасты тоқтатқан тұтынушылар саны.
Deadlock – бірнеше процесс бір-біріне бөгет жасағандықтан тығырыққа тірелуі.
MRR – ай сайынғы өзгеріп отыратын табыс мөлшері.
NPS – клиент тәжірибесін және компаниямен қарым-қатынасын бағалауға мүмкіндік беретін құрал.
ROI – инвестицияның ақталуы. Әрбір жұмсалған қаржыдан түскен пайда мөлшері.
UGC – тұтынушылық контент. Клиенттердің пікірі негізінде пайда болған контент.