Британдық депутаттар "Биг Беннің" атын ауыстыруға дауыс беріпті. Вестминстерлік сарайдың мұнарасына Елизавета ІІ ханшайымның атын беру ұсынысын қолдап, Бұқара палатаның көпшілігі жақтаған.
"Биг Беннің" атын ауыстыру кампаниясын бастаушы депутат-консерватор Тобиас Элвудтың айтуынша, оның ұсынысын бұрынғы сыртқы істер министрлері Джек Сро мен Малколм Рифкинд сияқты танымал саясаткерлер қолдаған. Сонымен қатар Бұқара палатаның консерваторлар, лейбористер мен либералдар - үш ірі партиясының лидерлері де жақтаған екен.
Мұнараны қайта атау жайлы соңғы шешімді Бұқара палатасының комитеті маусым айының соңында қабылдайды. «The Daily Mail»-дің хабарлауынша, депутаттар да, үкімет те, Букингем сарайы да бұл шешімді дұрыс санап отыр, сол себепті өзгертілуі әбден мүмкін.
"Биг Бенді" Елизавета II ханшайымның құрметіне өзгерту жайлы ұсыныс оның ел басқаруына 60 жыл толу мерейтойы қарсаңында жасалған болатын. Элвудтың айтуынша, тақта ұзақ жыл отырған тек бір ғана британ монархы – Виктория ханшайымы ғана болған. Оның елеулі еңбегіне орай Вестминстерлік сарайдың бір мұнарасының атын берген.
Елизавета ІІ-нің ел басқаруына 60 жылдық мерейтойы Ұлыбританияда 2 және 3 маусымда өтеді. Салтанатты шарада Темза өзенімен 1000 қайық өту және Робби Уильямс, Стиви Уандер сияқты әншілердің қатысуымен концерт жоспарланған.
Сурет: archdesign.su