Сәрсенбі күні Қытай астанасы Бейжің қаласының екі станциясына бос бөтелкелерді жинайтын құрылғылар орнатылды.
Бейжіңнің Incom компаниясының айтуынша, құрылғыға салынған бір бос бөтелке 0,1 юаньға (шамамен 2,4 теңге) татиды. Ал бір рет метрода тегін жүру үшін 20 бос бөтелкені тапсыру керек.
Қытайлық компания мұндай құрылғыларды тек метроларға ғана емес, қоғамдық көліктер мен әлеуметтік орындарға да орнататуды көздеп отыр.
Өз сөзінде қытайлық сарапшы Чэнь Хуэйцян жыл сайын Қытай 3 миллионға жуық бос пластикалық бөтелкелерді қоқысқа шығаратынын айтып өтті. Мұндай қоқысқа айналған өнімдерді қайта керекке жаратуы арқылы 18 миллион тонна мұнай үнемдеуге болады екен.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: nashachina.ru, echo.msk.ru