- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Берлиндегі әнші талшындар...
Берлиндегі әнші талшындар
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде ән салып, би билейтін әмбебап субұрқақтар бар. Ал Алматыдағы биші субұрқақтардың өнерін өзіңіз де тамашалаған боларсыз.
Ал Берлин қаласында әнші талшын ағаштары бар екен. Мұндай таңғажайып құбылысты қаладағы саябақтардың бірінен көруге болады.
Жоба авторлары бұл туыныдының көмегі арқылы Германия астанасында жасыл желектің күн өткен сайын көбейіп келетіндігін дәлелдегілері келген.
Берлиндіктер қарапайым ағаштар арқылы әлемді құлпыртуды жақсы біледі. Мәселен, олар қарапайым ағаштардан көше кітапханасын ұйымдастырған болса, енді міне, оларға ән айтқызып отыр.
Аталған ағаш қалада өткен аптада Monbijoupark саябағында пайда болды. Суретшілер ерекше әрі қайталанбас туындыны қоршаған ортаны қорғау ұйымдарымен бірлесе отырып ұйымдастырған.
Талшын ағашының жасы жүзге жеткен екен. Tree Concert-ке түрлі-түсті оттар қойылып, астыңғы жағына арнайы жасалған «жарғақшалар» орналастырылған.
Табиғаттың шын ән салғанын көргіңіз келсе, әуезді әнге шөлдеп жүрсеңіз, Берлиндегі «әнші талшындарға» жол тартыңыз!
Суреттер:kulturologia.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева