- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Бельгияда шоколадтан жасалған...
Бельгияда шоколадтан жасалған ең ұзын пойыз таныстырылды
Мальталық шоколад жасаушы Эндрю Фарруджиа әлемдегі ең ұзын шоколад пойызын жасап шығарды. Оның ұзындығы 34 метр 50 сантиметрді құраған. Эндрю өзі жасаған туындыны Бельгия астанасы Брюссельде басталған шоколад апталығы аясында көпшілікке таныстырды. Автордың бұл жетістігі Гиннестің рекордтар кітабы өкілдерінің шешімімен әлемдегі ең ұзын шоколадтан жасалған пойыз ретінде тіркелді.
Эндрю Фарруджианың айтуы бойынша, пойыз жасау жұмысына 700 сағат пен 1285 килограмм шоколад жұмсалған екен. Бастапқы үш вагон жаңа бельгиялық пойыздың көшірмесі болса, қалғаны ескі вагондар бейнесінде жасалған.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: rg.ru, vesti.az
Б. Қосмағамбет