Көптеген адамдарға дау болып келген проблеманы британдық суретші Филипп Левин өз пайдасына жаратып отыр. Ол енді бұрынғыдай шашы түскенге қайғырып, таз болғанына уайым жемейді. Ол енді өнер үшін басын құрбандыққа шалды. Өз кезегінде дүниеде тағы да бір «headism» ("басизм") атты бағыт пайда болды.
Филипптің басы дизайнерлік жобалардың жүзеге асуына мұрындық болып келе жатыр. Оның таз басына салынбаған сурет жоқ шығар! Қарапайым тұрмыстағы көріністерден бастап, ұшпаққа шыққан қиялдарға дейін...
Шынайы өнер түптің түбінде жерде қалмайды дегендей, араға көп уақыт салып жатпай-ақ оның басы бірнеше кинолар мен жарнамалық бейнебаяндарда, біршама басылым беттерінде жарық көрді. Өз басына салынған өнердің барлығын дерлік суретке түсіре жүріп, жақында ғана үлкен көрме ұйымдастырды.
Сенің батылдығың жететін бе еді?
сурет:aquamarin.kg7.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек