Басқамыр — Жезді өзенінің сол жағалауындағы Есқұла шоқыларының қойнауында орналасқан ортағасырлық қамал-қала орны. Қалашықтың пішіні төрт бұрышты болып келген. Бұрыштары дүниенің төрт жағына қаратылып, жан-жағы ормен және жолмен қоршалған. Сонымен қатар, мұнда Сарыбұлақтан бастау алатын арық жүйесі болған екен. Қазба кезіндегі табылған жәдігерлер бұл жер кезінде үлкен жол бойындағы ірі орталық болғанын дәлелдейді дейді ғалымдар. Назарларыңызға фотограф Евгений Волковтың осы қалашыққа жасаған 3D турын ұсынамыз.