Өзге елге саяхаттап барсаңыз, мына бақылау алаңдарында міндетті түрде болыңыз. Бұл жерлерден қаланың барлық көзтартар жерлерін көре аласыздар.
Норвегияда 604 метр биіктікте орналасқан Прекестулен атты үстірт бар. Ол жерден аймақты бақылауға болады. Ол жерге жету үшін 2 сағат бойы баспалдақпен көтерілуіңіз керек.
Ауа райы бұлтты болса, тұманнан басқасын көру мүмкін емес. Ал күн ашық күндері 244 метрден биіктіктен барлығын бақылауға болады.
Эгюий-дю-Мидидің шыңына 20 минуттың ішінде көтерілуге болады. Билет құны 10 000 теңгені құрайды. 3777 метр биіктікте орналасқан стансыда бақылауға арналған алаң мен 30 адамдық дәмхана бар.
Мұнда келушілер айналаны бақылау үшін әйнекке үңілмесін деп «Уиллис-тауэер» зеңгір үйінің басшылығы 412 метр биіктікте орналасқан кабиналар орнатып қойған.
Малайзияның төрінде 125 метр биіктікте орналасқан көпірден айналаны бақылап қана қоймай, серуендеп қайтуға да болады.
«Скайволк» платформасы АҚШ-ның Аризона штатында орналасқан. Сақтық шараларын қамтамасыз ету үшін, мұнда суретке түсуге тыйым салынған.
192 метр биіктікте орналасқан «Скай тауэр» мұнарасында ешқандай сақтық шаралары қолға алынбаған. Тек сақтандыру ғана.
Бразилия мен Аргентинаның шекарасында орналасқан Игуасу атты сарқырамасын діңгектердің үстінде тұрып бақылауға болады.
Биіктігі бойынша екінші орынды иеленетін бақылау алаңы «Бурдж-Халифа» зеңгір үйінің төбесінде орналасқан. 124-қабатқа 36 шақырым сағатына жылдамдықпен лифтіні пайдаланып көтерілуге болады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: planet.ru