Барселона - Каталонияның астанасы
Жалпы мәлімет
Тілі: каталан тілі - 1975 жылдан бері аймақтық тіл; испан тілі - мемлекеттік, іс-қағаз және әкімшілік тіл
Ақша бірлігі: еуро
Діні: католицизм
Халықаралық әуежайлары: Эль-Прат
Порт: жүк айналымы жылына 20 млн құрайтын ірі порт
Аумағы: 104 шаршы шақырым
Халық саны: 1,6 млн адам
Халық тығыздығы: 15 859 адам/шаршы шақырым
Климаты: жерорта теңізді, қаңтар айында орташа температура +10ºС; шілде айында +25ºС
Экономика: электроника, металл өңдеу, тоқыма, көлік өнеркәсібі
Теңіз порты: мұнай, табиғи газ
Ауыл шаруашылығы: көкөніс өсіру, азық-жем өндіру
Қызықты мағлұмат
Қала биігінде Тибидабо тауы орналасқан. Тау атауы “Tibi dabo” «саған беремін» деген мағына береді. Евангелияда айтылғандай дәл осы сөзбен Ібіліс Христосты арбаған.
Атақты сәулетші Антонио Гауди (1852-1926) өзі салып бітірмеген Саграда Фамилиа шіркеуінің астындағы кіші шіркеуде жерленген.
Барселонаның көрікті жерлері
1. Каталонияның ұлттық өнер мұражайы Заманауи өнер мұражайы мен Каталония өнер мұражайының бірігуі салдарынан 1990 жылы құрылған. XIX ғ. мен XX ғ. I жартысындағы каталон өнерінің танымал туындалары сақталған.
2. Рамблас Барселона орталығындағы алаң. Бұл алаңда кешкі уақытта дала әртістері мен музыканттары қойылым мен кішігірім концерттер беріп тұрады. Алаңда портрет салатын суретшілер, базарлық сататын дүңгіршектер, мейрамхана мен кафелер орналасқан.
3. Монтжуик бөктеріндегі сайрауық су бұрқақтары әуезді әуен мен су ағымымен әрекеттесіп, сиқырлы шоуға толы болады. Күн батқан шақта қызыл, көк, жасыл, сары түске су ағымы боялады.
4. Барселона футбол клубының мұражайы Камп Ноу стадионында орналасқан. Мұражайға 1989 жылы ашылғаннан бері 15 миллионға жуық адам келген. Мұражайда футболшылардың киім ауыстыратын бөлмелері мен пресс бөлмелері, команда жүлдері, киімдері, суреттері сақталған.
5. Барселона аквариумы Еуропаның ірі аквариумдарының бірі. 35 жеке аквариумдардың ішінде 450 балық түрінің 11000 данасы ұсталады.
Суреттер ғаламтор беттерінен алынған