Баатардың өңеші

Баатардың өңеші

Білесіз бе, Ливан жерінде өте қызықты мекен бар. Әсіресе, оның суреттері ғаламтор әлемінде кең таралған. Ғаламтор сүйер қауымның қатарынан болсаңыз, оның бірер суреттерін көзіңіздің шалып қалғандығына сенімдімін. Ал бүгін аталған табиғат тамашасына кеңінен тоқталатын боламыз.


1952 жылы Ливандағы Маунтин-Трейл аймағында "Баатардың өңеші" деген атауды иемденген өте сұлу сарқырама табылды. Сарқыраманың басты ерекшелігі – оның су тасқыны 250 метр биіктіктен юра дәуірінде пайда болған әктасты үңгірге құлап ағады.

Табиғат тамашасын ғылымға енгізген француз геологы - Генри Койфэ. Таннорин қалашығы мен Балаа ауылына өте жақын маңда орналасқан сарқыраманың осы күнге дейін белгісіз болып келгендігі әлі күнге дейін түсініксіз. Мұнда бір құпияның бары анық. Десе де, зерттеушілер мұны сарқыраманы қоршап жатқан көк шалғынның әсерінен екенін айтып, жылы жауып қоюда.

Ғалымдар ұзақ уақыт бойы құлап аққан судың қайда және қалай ағып кететіндігін анықтай алмай келді. 80 жылдардың ортасында жасалған эксприменттер бұл сұрақтың да жауабын жария етті. Су сарқырамаға таяу жердегі Мгхарет-аль-Гхауагир ауылының бетіне шығады екен. Оны анықтау үшін мамандар суды арнайы ертінділермен бояп, дәл сондай түсті судың қай жерден көрінетіндігін бақылаған.

Су тасқыны түсетін шыңырай – "Үш  көпірдің шыңырауы" деп аталады. Ағын судың бір-біріне төніп жатқан үш бірдей көпірден өтетіндігі – бұл атаудың шығуына себеп болған.

Бұл әктасты көпірлердің жасы – 160  миллионда екен. Мыңдаған жылдар бойы су әктасты қабырғаларды шайып, "Баатар өңешін"(Баатар сөзі - батыр деген мағынаны білдіреді) түзген. Нақтырақ айтсақ, үңгірдің түзілуі әлі күнге дейін тоқтаған емес. Бір көпір құласа, екіншісі түзіледі, үшіншісі ойран болады...

Сарқыраманың таңғажайып көрікті иемденетін кезеңі – көктем. Дәл осы кезде, қардың еруінің әсері сарқырама суы едәуір молайып, жойқын күшке ие болады.

"Баатар өңеші" – тек қана жергілікті тұрғындар арасында емес, күллі туристер қауымының арасында кеңінен таралған табиғаттың төл туындысы, таңғажайып кереметі. Сарқырамаға жыл сайын жүздеген туристер ағылып келеді. Олар сұлулықтың сыртынан қарап қана қоймай, әктасты көпірлермен жүріп, Баатардың өңешіне үңіліп көре алады.

 

Суреттер:http: liveinternet.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева