Австралияда "асқабақты" түрмеден босатты

Австралияда "асқабақты" түрмеден босатты

Австралияның батысында орналасқан Баренби түрмесінде өсірілген 135 килограмдық асқабақ "бостандыққа шықты". Көкөніс енді бақша мәдениетіне бағытталған арнайы фестивальде бағын сынап көретін болады.

Айта кетелік, асқабақтың рекордтық массасы 2000 жылы тіркелген болатын. Сол жылы өткен фестивальде cайысқа түскен көкөністің 220 килограмм тартатындығы белгілі болып еді.

Түрме қызметкерлерінің айтуынша, асқабақ сайыста жеңсе де, жеңілсе де, қамалғандардың еңбегі бағаланатын болады. "Үстіміздегі сәуір айында осы асқабақтан пісірілген тағамдарды еңбек еткендерге ұсынатын боламыз. Бұндай үлкен асқабақтарды шикілей жеу мүмкін емес. Бірақ бұларды сорпаға қосса, керемет дәм береді", - деді Баренби қызметкері.

Айта кетелік, Баренби түрмесі көкөністер мен жемістер өсуріге көп көңіл бөледі. Территорияда өсірілген барлық тағамдар тұтқындардың өзіне беріледі. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: glammama.ucoz.ru

Massaget