Аустрияның аңызға айналған жерлеріне саяхат

Аустрия — әлемді танығысы келетін жандардың өз көзімен көруі тиіс елдердің бірі һәм бірегейі. Жаймашуақ ауа-райы мен ғажайып алқапты даласы, шығысындағы Альпі тауы, Дунай өзені – бәрі Аустрияның сұлулығының айнасы іспетті. Сұлулық символына айналған бұл жерлер бүгінгі топтамамызға арқау болды. Ендеше, осы жазбамыз арқылы Аустралия туралы дерек қорыңыздың көбейтетініңізге сенімдіміз, саяхат сүйер оқырман.

1. Аустриялық пейзаж

Аустрия табиғатының сұлулығымен туристтерді таң қалдыруда. Шырша, қарағай, май қарағай, шамшат, емен өсетін орманы қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй мен нағыз демалыс сыйлайды екен.

2. Swarovski мұражайы


Биыл хрусталь мұражайына 20 жыл толады. Бұл мұражай жүз жылдық тарихы бар, шыныдан және бағалы тастардан әшекей-бұйым жасайтын компанияның құрметіне ашылған екен. Мұражай «Swarovski кристал әлемі» деген атауға ие.

3. Гальштат


Гальштат коммунасы ЮНЕСКО-ның Халықаралық мұрасы болып есептеледі. Гальштаттың аумағы кішкентай. Яғни, 60 шаршы метр. Жер тапшылығына байланысты, он жыл сайын жерленген марқұмдардың сүйегін жергілікті кішкентай шіркеуге жерлейді. Ал, 2012 жылы Гальштаттың нұсқасы Қытай жерінде орналасқан

4. Арнольд Шварценеггердің еліндегі шіркеу

Аустрияның Штирия жерінде Таль-Грац атты шағын коммуна бар. Мұнда атақты әртіс, «Терминатор» атанған Арнольд Шварценеггер дүниеге келген. Оған қоса, мұнда өзгеше шіркеу бар. Сыртынан қарасаңыз, аса көзтартарлықтай емес. Дегенмен, шіркеу ішіндегі жиһаздар мен бұйымдар көздің жауын алады. 

5. Моцарт дүниеге келген үй

Зальцбург қаласындағы Getreidegasse 9 көшесінде ертеректе бір тумысы бөлек бала дүниеге келген. Ол төрт жасында ғажайып әуендер жаза бастады. Ол Моцарт еді. Аустрияға бара қалсаңыз, ұлы музыкант дүниеге келген үй – қазіргі Моцарт мұражайына бас сұқсаңыз болады. 

6. Лихтенштайнкламм шатқалы


Шығыс Альпі табиғат аясында саяхаттау үшін аса қолайлы. Жүздеген кішкентай баспалдақтармен жүріп отырып, ғаламат ортаның көркемдігіне көз тіксе болады. Осы баспалдақты жол ғажайып сарқырамаға бастап барады. 

7. Жындыхана-мұнара

1784 жылы 139 бөлмелі жындыхана-мұнара салынған. Бүгінде бұл ғимарат – Аустрия астанасы Венаның танымал мұражайыларының бірі, әрі ол келушілердің қызығушылығын арттыруда. 

8. Хундертвассер — Кравин ғимараты 

Бұл әдемі үй 1983–1986 жылдары арасында белгілі сәулеткерлер Хундертвассер мен Кравиннің жобасымен салынған. Қазіргі таңда бұл түрлі түсті үй Венаның алдыңғы қатардағы ғимараттарының бірегейі

9. Вена операсы

Вена қаласында ең ірі мемлекеттік опера театры орналасқан. Ең алғаш, 1869 жылы Моцарттың «Дон Жуан» операсымен ашылған еді. Бір қызығы, бұл театр 1945 жылы түгел қирап, кейін қайтадан бой көтерді. 

10. Вена

Байқағандарыңыздай, Аустрия – сыр мен ғажайыпқа толы ел. Ал Венаның көрікті жерлерінің өзі бір төбе. Ел астанасының табиғатпен үндестік тауып, әсем бейнеге енуі әлемді өзіне қаратып отыр.

Сурет: wallpapersinhq.com