Аустралияда жергілікті алтын іздеуші тұрғын құны 315 мың доллар тұратын алтын кесегін тауып алды.
Олжа Виктория штатындағы Балларат қаласының маңынан 60 сантиметр тереңдікте табылған екен. Ол өз формасы бойынша латынның Y әрпіне ұқсас. Ал оның салмағы 5,5 келіні тартады екен. Олжаны тауып алған адамның аты әзірге белгісіз болып отыр.
"Мен он жылдан бері алтын іздеп, тапқан олжамды сатып келемін. Бірақ осыған дейін, дәл осындай үлкен алтын кесегін кезіктіріп көрген емеспін",-дейді Корделл Кент.
Алтын іздеушілер Балларатта 162 жылдан бері тынымсыз еңбектеніп келеді. Кенттің сөзінше, ол жерге әлі күнге дейін алтын іздеушілердің легі ағылып келіп жатқан көрінеді. Ал енді осы олжаның табылуы, олардың санын көбейтпесе азайтпасы анық.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: world.comments.ua