Аспаздық рекордтар

Аспаздық рекордтар

Әлемнің ең үздік аспаздарының қолынан шыққан және оларды күллі әлем мойындағандықтан Гиннестің рекордтар кітабынан орын алған аспаздық өнімдермен таныс болыңыздар.

Ең үлкен шоколад

2009 жылы Милан қаласында 5,37 тоннаны құрайтын шоколад мүсіні жасалған болатын. Итальяндық Мирко Делла Веккияның рекордын әлі ешкім қайталаған емес.

Ең үлкен Кеббе

Ливан жерінде Кеббе (езілген етті қамырға салып пісіретін танымал тағам) бәлішін 25 аспаз әйел дайындаған. 233 келі, 20 метр бәлішті әзірлеу үшін 120 келі фарш, 80 литр зәйтүн майы, 5 келі тұз бен 1 келі бұрыш керек болған.

Ең үлкен нан

Әлемдегі ең үлкен сүзбе қосылған пасхалық нан (“Pasca”) Сучавада жасалған. 170 келі салмақты құрайтын нанды әлі күнге дейін ешкім қайталаған емес.

Ең ұзын барбекю

“Эль Асэдо Мас Гранде Дель Мундо” деп аталатын әлемдегі ең ұзын барбекюдың ұзындығы - 1493,2 метр. Тағам 2008 жылдың он үшінші сәуірінде жасалып, рекордтар кітабына енген. Оны әзірлеу үшін 1250 мангал қажет болған.

Ең үлкен гамбургер

Гиннестің Рекордтар кітабына енген әлемдегі ең үлкен гамбургердің салмағы - 90,72 келі. 90%-ы фаршты құрайтын тағамды үш еркек әзер дегенде көтерген. Ол 121.11°C температурада 15 сағат бойы пісірілген.

Ең алып кекс 

564, 47 келіні құрайтын әлемдегі ең алып кекс айдай әлемге танымал “THINK PINK ROCKS” концертінің құрметіне жасалған болатын. Жиналған қауым бағасы әжептеуір қымбат кекстің үзіндісін жеп қалу үшін соңғы ақшасына дейін жұмсаған.

Жалғасы бар...

Суреттер:freeszone.in.ua,joyreactor.cc,gandex.ru,positiveland.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева