Аспанды айнадан көр

Шексіз терең құбылыстарға толы табиғат бізге алуан түрлі қыры мен сырын көрсетуден жалықпайды: біресе сүйсіндіреді, біресе таңдандырады, кейде ақыл-ойыңды әр саққа жүгіртеді. Бүгін осынау табиғаттың таңғажайып перзентімен таныс болғанда қандай күйге түскеніңізді жазып жеткізудің өзі мүмкін емес секілді...

Солончак Уюни өзені - Боливияның ғана емес, Жер шарының ең керемет жерлерінің бірі болып саналады. Бұл мекенді әлем халқының бірауыздан мойындауына бірден-бір себеп - өзеннің біздің ұғымыздағы өзеннен әлдеқайда басқашалау келетіндігі.

Уюнидің алып жатқан аумағы - 10 582 км². Ол әлемдегі ең тұзы көп өзендердің көшін бастап тұр.

Бір сәт көзіңізді жұмыңыз да, елестетіп көріңізші: тастай берік келген алып Уюни өзені. Жоқ! Өзен емес, мұз. Теп-тегіс келген, айнадай жылтырап жатқан мұз. Бірақ, далада қыс емес. Өзге планетаға өтіп кеткендей күйге енеріңізге кепілдік береміз.

Есіңізді жинап болысыңызбен, еңкейіп, аяғыңыздың астындағы таңғажайып дүниенің не екенін білгіңіз келді. Құдай-ау! Бұл кәдімгі тұз ғой! Иә, иә! Тұз тау, тұз теңіз, тұз шөл. Бұл - Солончак Уюни. Бұл - 10 млрд. тұз!

Сонымен,  Солончак Уюни - Боливиядағы Альтиплано жазығының оңтүстігінде теңіз деңгейінен 3650 метр биіктікте орналасқан кеуіп қалған ащы өзен. Бүгінде бұл мекен мемлекеттің қамқорлығына алынған. Негізінен Оруро және Потоси аумағының департаментіне қарайды.

Өзеннің ең басты минералды ресурсы - галит және гипс. Аумақтың 8 метр тереңдігін тұз алып жатыр. Жаңбырлы маусымда өзеннің біршама аумағын су басып, нәтижесінде, әлемдегі ең үлкен айна түзіледі. Дәл осы сәтте аспанды айнадан көруге болады.

Өзен Боливияның ең көрікті жері ғана емес, ең табысты жері. Бұл жерден күніне тонналаған тұз алынып, сатылымға шығарылады.

Өзеннен алынған өнім тағам ретінде пайдаланылып, әуесқой туристер үшін естелік заттар ретінде ұсынылады. Тұздан керуеттер мен орындықтар да жасалады екен. Тіпті, қонуға ниет білдірген туристер үшін "тұзды қонақ үй" де салынған.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Ge1RCFxGq9c","width":"450","height":"350"});

 

Суреттер:freeszone.in.ua,joyreactor.cc,gandex.ru,positiveland.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева