Аспан әлеміндегі цунами

Бұлттан пайда болған цунамиды екі-үш жылда бір рет қана бақылауға мүмкіндігіңіз бар. Аса сирек кездесетін мұндай құбылыс тым аз уақытқа қана созылады. Оны тіпті байқамай да қаласыз.

Ең алдымен, көп қабатты үйлердің шатырларында тұман үлпектері пайда бола бастайды да, екі-үш минуттан кейін бүкіл ғимаратты басып алады. Жерден қарағанда, қарапайым тұман болып көрінгендігімен, аспан әлемінен бақылаған адам нағыз цунамидың куәгері бола алады.

Мұндай құбылыс соңғы рет – АҚШ-тағы Флорида штатында орын алды. Көпті көргендер оған «аспан цунамиы» деген атау берді.

Толқындардың биік болғандығы сонша, Панама-Ситидің барлық ғимараттары жоғалып кеткен.

 Мұндай тылсым құбылысты суретке түсіріп үлгерген – тікұшақ жүргізушісі Джерар Хоттей.

Суреттер:mirfactov.com,іndependent-news.ru,profi-forex.org

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева