- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Ашық аспан астындағы...
Ашық аспан астындағы мұражай
Түркия – туристер қауымына Жерорта теңізінің суына шомылуға мүмкіндік беріп, жайлы әрі қайталанбас қонақ үйлерімен қарсы алатын мекен ғана емес, таңғажайып археологиялық құндылықтарымен аты шыққан мемлекет.
Мұндай ескерткіштердің бірі ретінде Немрут-Даг тауларындағы ерекше барельефтерді атауға болады. Олар – І Антиох патшаның табыты қойылған ғибадатхананың қалдықтары.
Бүгінде ғибадатхананы көруге мүмкіндік жоқ болғандығымен, барельефтердің қалдықтарын еш қиындықсыз тамашалай аласыз. Зерттеушілер кезінде І Антиох патшаның табытын Аполлон, Зевс, Геракл, Антиох сынды құдайлардың алып мүсіндері және арыстандар мен бүркіттердің ескерткіштері қоршап тұрғандығын айтады. Мүсіндердің биіктігі 25-30 метрді құрайды. Алдарыңыздағы «тас бастарға» қарап, олардың әдейі құлатылғандығын байқауға болады.
«Ашық аспан астындағы мұражайды» ең алғаш тапқандар крест жорығына қатысушылар екен. Немрут-Даг деген атаудың өзі католиктік жазбаларда кездеседі.
Дәл қазіргі таңда бұл тау – мемлекеттің негізгі туристік орталықтарының бірі. Егер «ашық аспан астындағы мұражайдың» куәгері атанғыңыз келсе, сіз үшін ең ыңғайлы кез мамыр және қазан айларының аралығы болмақ. Мұнда келген «жиһангездеріміздің» ең сүйікті істері - күннің батуы мен шығуын тамашалау көрінеді.
Суреттер:diary.ru,liveinternet.ru,kulturologia.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева