Армения – тарихы терең, көне мәдениеті бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Армяндар көне дәстүрін әлі ұмытпаған, оған құрмет пен ізет көрсететін халық. Кавказ тауын (Қап тауы) мекендеген басқа халықтардың өзгешелігі мол, болмысы бөлек қауым. Арменияның табиғат әдемі, көз тойдырарлық.
Армения туралы деректер:
1. Арарат тауы – армян халқының қасиетті, киелі мекені. Армяндардың сенімінше, Араратқа Нұх пайғамбардың кемесі кеп тоқтаған. Қазақ Қазығұртты қалай қасиетті санаса, армяндар да Араратты солай киелі санайды. Бірақ ең қызығы да сол – Арарат Арменияның өзінде емес, Түркияда жатқан тау. Бірақ Арменияның қай жерінен қарасаңыз да, Арарат шоқиып көрініп тұрады.
2. Еуропа жұрты бұрын сары өрікті армяндардың алмасы деп атаған. Өйткені бұрындары жеміс-жидекті өскен жеріне қарай атайтын болған.
3. Армения – сары өріктің отаны. Елдің байрағында тұрған төменгі тоқ сары түс – сары өріктің белгісі.
4. Христиан дінін мемлекеттік дін ретінде мәртебе берген алғашқы ел де осы – Армения.
5. Армянның ұлттық тағамдары өте тұзды. Өйткені ыстық күнде тамақ ұзақ сақтау үшін тұздау қажет.
6. Арменияның астанасы – Ереван қаласы – әлемдегі ең көне қалалардың бірі. Тіпті, Римнің өзі 30 жыл кейін салынған.
7. Армения мектептерінде шахмат – міндетті пәндердің бірі. Оқушылар одан емтихан тапсырады.
8. Армения халқының 97 пайызы – армяндар. Қалған 3 пайызы – басқа халықтар. Әлемде 10-12 млн армян тұрады.
9. Алғаш шіркеу тұрғызған ел де – осы Армения.
10. Армян халқы – әлемге шарабымен танылған ел. Кавказ тауының етегінде өсетін жүзімнің сорты – бөлек. Одан дайындалған шараптың дәмі де тіл үйіреді. Армян шарабын француздардың өзі мойындаған көрінеді.
11. Нораван ғибадатханасына барар жолда "Тырна ауылы" орналасқан. Қызығы сол – бұл ауылдың әр бағанасында тырнаның ұясы бар.
12. Арени ауылынан әлемдегі ең көне аяқ киім табылған. Аяқ киім 5500 жыл бұрын тігілген көрінеді.
13. 2014 жылы армян наны (лаваш) ЮНЕСКО-ның мұрасына енгізілген.
14. Ереван қаласы қызғылт тастан салынған. Қаланың "қызғылт қала" атанып кетуінің сыры да осында.
15. Арменияда ең ұзын канат жолы салынған. Татев ғибадатханасынан алыс емес, 11 минуттық жолда. Ұзындығы – 5752 метр. Он айдың ішінде салынған. Бір сағатта 200 жолаушыны тасиды.
16. Армениядағы Севан көлі – Кавказ тауындағы ең үлкен көл. Тереңдігі 80 метр, ауданы – 1240 шаршы шақырым.