Аңсаған арманыңыз бар ма? Оған жете алмай жүрсіз бе? Армандарды орындайтын аты аңызға айналған мекендердің бар екенін білесіз бе? Назарларыңызға армандарының орындалуын қалайтын жандардың ең көп шоғырланатын мекендерін ұсынамыз.
Дели бағанасы
Биіктігі 7 метр, салмағы 6,5 тонна баған темірден жасалса да, әлі коррозияға ұшарамаған. Зерттеушілердің ойынша, климаттық жағдайларға байланысты баған бірде- бір рет қирамаған.
Бағанадағы санскрит жазуында бағананың тұрғызылуы Орта Азия халқын жеңіп шыққан Чандрагупт патшаның құрметіне байланысты делінген.
Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, бұл жердің тылсым күші бар. Сиқырлы күш адамдарды емдеп қана қоймай, олардың армандарын орындайды. Ол үшін бағанаға арқаңызбен тұрыңыз. Қолыңыз екі жаққа жіберіп, саусақтарыңызды бір-біріне жақындатып, іштен арманыңызды айтыңыз.
Мекен-жайы: Үндістан, Дели қаласы. Кувват-уль-Ислам мешітінің жанында орналасқан Кутб-Минар сәулет кешенінің бір бөлігі. Кешенге кіру бағасы 250 рупий (825 теңге).
Эраван мехрабы
Көпішілктің айтуы бойынша, бұл жерді оңай әрі тез тауып аласыз. Себебі, мехраб неше түрлі әдемі гүл тізбектерімен безендірілген. Индра құдайы мен оның Эраван пілінің құрметіне салынған орталық мехрабында төртбасты тәңірдің қола мүсіні орналасқан.
Таиланд елінің тұрғындары мен қонақтары төртбасты тәңірге сый әкеліп, одан армандардың орындалуын тілейді. Әдетте, Индра құдайына піл мүсіндері мен гүл тізбектерін әкеледі. Мехрабқа қарама-қарсы кішігірім сахна орналасқан. Сахнада бишілер Индра құдайының құрметіне өнер көрсетеді. Армандардың орындалуына ықпал ететін тәңірге алғыс ретінде сіз бишілерге ақша бере аласыз.
Мекен-жайы: Тайланд астанасы Бангкок қаласының орталығы.
Жұлдыз Жорамал ауданы
Израиль астанасы Тель-Авивте көше атаулары жұлдыз жорамал белгілерінің құрметіне арнап қойылған Яффа ауданы бар. Әр көшеде өз атауына сәйкес белгі бейнеленген тақтайша орналасқан. Жұлдыз жорамал бойынша, өз белгіңіздің көшесін тауып алып, белгі бейнеленген тақтайшаға қолыңызды қойып, іштен арман-тілектеріңізді айтыңыз.
Ақша емені
Шотландияның Мари аралындағы Лох-Мари көлінің жағасында ағаш емені өседі. Бұл ағаш армандарды орындалуына ықпал етеді. Ол үшін сіз ағаштың қабығының арасына ақша тиынын салып, ішіңізден арманыңызды айтасыз.
Мекен-жайы: Шотландия, Мари аралы, Лох-Мари көлі. Аралға экскурсиялық бағдарлама арқылы қайықпен жете аласыз. Бағдарлама құны 15 фунт (3400 теңге).
Джульетта үйі
Уильям Шекспирдің танымал шығармасының кейіпкерлері Ромео мен Джульеттаның арасындағы үлкен сезім Верона қаласында оянған. Джульетта үйі - Шекспирдің шығармасындағы кейіпкер үйінің түп бейнесі. Үй ауласында Джульетта қола мүсіні тұрғызылған. Армандарының орындалуын қалайтын жандар бұл үйге жиі бас сұғады. Бұл жаққа экскурсиялық бағдарлама арқылы өзге аймақтардан саяхатшылар жиналады. Арманым орындалсын десеңіз, Джульетта мүсініне жақындап, қолыңызды оң жақ омырауына тигізіп, ішіңізден арманыңызды айтыңыз. Сондай-ақ, арман-тілеткеріңізді параққа түсіріп, Джульеттаға хат жазып, оны үй қабырғасына жабыстыра аласыз.
Мекен-жайы: Италия, Верона қаласы. Экскурсиялық бағдарлама құны 3-4 еуро (600-800 теңге).
Қымбат белбеу көпірі
2,5 мың жыл бұрын салынған Сучжоу қаласын «Шығыс Венеция» деп атайды. Бұл қалада бұрындары мыңға жуық көпір болған, қазір 200 ғана көпір сақталған. Мансап, Ырыс, Бейбітшілік, Сәттілік т.с.с. көпірлер кеңінен танымал. Ең атақты көпірлердің бірі - Қымбат белбеу көпірі. Бұл көпір ΧІ ғасырда салынған. Ұзындығы 317 метр. Аңыз бойынша, көпір құрылысы кезінде бөлінген қаражат таусылады. Ал құрылысқа жауапты басшы амалсыздан өзінің нефрит белбеуін сатып, оның ақшасына көпірді салып бітірген. Ісіңіз оңға басып, армандарыңыз орындалсын десеңіз көпір үстінде тұрып, ішіңізден арманыңызды айтып, суға ақша не әшекей-бұйымдарыңыздың бірін лақтырыңыз.
Мекен-жайы: Қытай, Сучжоу қаласы, Хэнань ауданы.
Өлім құдығы
Көне майя заманында бұл құдыққа әдемі қыздарды батырып, әруақтардан жауын-шашын болуын сұраған. Құдық қасиетті мекендердің тізіміне енбесе де, көпшілік қауым оның тылсым күшінің барына сенеді. Арман орындалу үшін суға ақша тиынын тастау керек.
Мекен-жайы: Мексика, Юкатан жартылай аралы, Чичен-Ица қаласы
Суреттер ғаламтор беттерінен алынған.