Армандар орындалсын! Бэтманға арналған өмір

Отыз сегіз жастағы Крис Уиер есімді америкалық әлемдегі ең қымбат баспанаға ие. Аты аңызға айналған бас қаһарман үшін 120,000 доллар қаржыға жер асты мұражайын ашып алыпты. Аталған баспанаға бастап баратын бір ғана жол бар:  ол - 1960 жылдардағы Бэтман жайлы түсірілген классикалық кинолардағы Брюс Уэйннің (Адам Уэст) өз Бэтаңғарын ашқан жолы.

Кірер ауызда жасырын қызыл тетікте Шекспирдің кеуде мүсіні орналасқан. Сол арқылы ішкі әлемге қақпа есігі ашылады. Аңғардың басты мақтанышы ретінде Кристің өз отбасымен фильм, мультфильм, комикстерді бірігіп отырып көретін (әйелі Джоанна мен Захариел және Дэниел есімді ұлдары) 100-дюймді (бір дюйм — футтың 12 ден бірі, болмаса 25 миллиметр шамасында) экран жайғасқан. Сонымен қатар аңғар ішінде қонақтарға арналған үстел үсті футболы және, тіпті, бар жайғасқан.

Бәрі балалықтан басталған сыңайлы. Бір жолы Криске шешесі Бэтмен мен Робин туралы қаһармандар сериясынан ойыншықтар сатып алып беріпті. Бар-жоғы он төрт жасында  “The Legends of The Dark Knight” (“қараңғы түннің ері туралы аңыз") атты журналға бар жиған қаражатын жұмсап келген.

Бүгінгі таңда ол комикстердің 1000 басылымын, 200 тематикалық кітаптар мен көптеген постерлердің басын жинаған арнаулы топтаманың иесі саналады. Бар байлығын Бэтаңғарда,  өзінің ең сүйкімді бөлмесінде ұстағанды жөн көреді екен.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/PVgQseleVNw","width":"450","height":"240"});

сурет:fishki.net 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек