Арғы өмірдегі қалыңдық...

Арғы өмірдегі қалыңдық...

Жақында төрт бірдей қытайлық азамат жас қыздардың өлі денесін жер астынан шығарып алып...тұрмысқа бергендері үшін бас бостандықтарынан айырылды.  

Жантүршігерлік оқиғаның ішкі мәніне бойласақ, әлгі өліктерді өмірде үйлі-баранды бола алмай кеткен кей отбасылардың еркек кіндіктеріне сатқан. "Жастардың" денесімен неке салтанатын өткізіп, жер астына бірге қайта көміпті.

Сот анықтамасына көз жүгіртсек,  он "қалыңдықтың" қалдығы 38 мың долларға сатылып кеткен екен.

"Өлгеннен кейін үйлену" салтында еш жақсылықтың жатпасы ақиқат. Ерте кезде Қытай мемлекетінде өлген ерге "қалыңдық" іздеу салты болған деседі. Сол кездің ақиқатын түсініп көрсек, екі жақтың ата-аналары көз жұмған жандарды арғы өмірде отбасымен қамтамасыз етеміз деп сенген.

Қазіргі Қытайда "аруақтар тойы" (ел-жұрт осылай атайды) ұмытылып бара жатса да, ара-тұра Шэньси, Шаньси, Хэнань, Хэбэй мен Гуандун провинцияларында орын алып тұратын көрінеді. Және "ортақ ұжымның" алдағы болашағы үшін құдағилар жалданып келеді екен.

Өткен жылы бұдан да сорақысы орын алыпты. Ол уақытта бірнеше "қалыңдық сатушылар" көз жұмған ерлерге арнап жас қыздарды өлтіріп келген. Тіпті, 2006 жылы ардан безген бір алаяқ алты бірдей құрбандығын "тұрмысқа" шығарып жібере алған дейді-міс.

Жергілікті сот "қалыңдық сатушыларды" бір жылға бас бостандықтарынан айырып отыр.

сурет:globalpost.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига