Әлемге танымал 10 данышпанның бірі Стивен Хокинг астронавт болуды шешіпті. Ғалым инвалидтік креслоға таңылғанына қарамастан, ғарыш туристі болудан тайынбай отыр.
Хокинг арбаға 1960 жылы амиотрофтық склероз параличке әкеліп соққаннан кейін, таңылған болатын. Ал 1980 жылы тамағына жасалған сәтсіз операциядан кейін, ғалым сөйлей алмай қалған. Содан бері, ол айналадағылармен тек дыбыс синтезаторы арқылы түсініседі. Хокинг құрылғыны қимылға икемі бар жалғыс саусағымен басқарады. Дегенмен 2012 жылы оның дерті асқынып бара жатқандығы белгілі болып, ғалым болашақта арнайы құрылғылардың көмегімен де сөйлей алмай қалуы мүмкін деп хабарланды.
Стивен Хокинг
Данышпанның өзі оның физикалық кемшіліктері оны ғарышқа ұшу бақытынан айыра алмайтындығын айтып отыр.
Айта кетелік, бұл қызметті ғалымға британдық кәсіпкер Ричард Брэнсон негізін қалаған Virgin Galactic компаниясы ұсынбақ. Бұл ғарыш турларын жаппай сатуды жақын арада бастауды жоспарлап отыр. Кез келген ғарышқа шығуды қалаған адам қажетті қаржыны төлегеннен кейін, еркін түрде суборбиталды саяхатқа аттанып, өзін ғарышкер сезіне алады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: paranormal-news.ru, zn.ua