Әлемтанудың бүгінгі жазбасынан кейін Ұлы шебер Табиғат-Ананың талантына бас имеске шараңыз қалмайтындығына сенімдіміз. Өзінің асқан шеберлігінің арқасында әртүрлі пішіндегі кереметтерді дүниеге әкелуден еш жалықпаған Табиғат әлемнің бір ғана емес, әр түрлі бұрышына мынадай керемет жүректерді қойып шығыпты. Ендеше, жүректерге бірге саяхат жасайық!
1. Эквадор жеріндегі мына бір "Жүрек" аталатын арал қаншама жылдар бойы тіл қатпастан қасқайып тұр.
2. Тынық мұхитындағы Атолл аралындағы мына бір нәзік жүрек көрген көзді таңқалдырады.
3. Фиджи жеріндегі "Таваруа" аралында "бір уыс" жүрек бар.
4. Жаңа Каледонияның құшағындағы мангр ормандарынан да жүректі көруге болады.
5. Германиядағы Вальхензее аралының жүрегі тым үлкен бе, қалай өзі?
6. Хорватиядағы "Галесняк" аралындағы жүрек жүрегіңізді жібітпеске қоймайды.
7. Француздық Полинезиядағы "Тупай" жүрегі тым ерекше орналасқан.
8. Аустралиядағы Үлкен кедерлі рифті жүректердің жүрегі деуге әбден болады.
Суреттер:vk.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева