- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Амстердамдағы жүзетін автобус...
Амстердамдағы жүзетін автобус
Турист болып қызғалдақтар еліне бара қалсаңыз, міндетті түрде Амстердам қаласына жол тартыңыз. Себебі ол жақта суда жүзетін автобус бар.
Енді Амстердамға қонақ болып барғандар керемет әсерге бөленетін болады. Амстел өзенінде автобусқа мініп, бүкіл канал бойын автобуспен саяхаттап өтесіз. Бұл тамаша саяхатты бір ауыздан Floating Dutchman деген сөзбен атауға болады. Бірақ, бұл автобус 50 адамға ғана арналған. Сондықтан кеш қалып жүрмеңіз.
Dutch Amfibious Transport компаниясының инженерлері аталған автобус-амфибияны астанада төмен орналасқан көпірлерге байланысты жасап шығарған. Бұл автобус сонымен қатар жерде де жүре алады. Экологияны аз ластайтын дизель өнімі пайдаланылады. Ал суда жүзгенде төрт бірдей қозғалтқыш іске қосылады.
Автобустың жүру бағыты әуе жолынан бастау алып, Nemo атты техникалық мұражайдың жанындағы өзенге келгенде суға түседі.
Сурет: mirfactov.com
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига