Амстердам мұражайына 47,000 жұлдыз қойылды

Шотландық суретшісі Ричард Райт өз қолымен 47,000 жұлдызды Амстердамдағы Мемлекеттік мұражайдың төбесіне қондырып шықты.

Ол үшін Ричард төбеге жарты метр аралықта жетпей жатып алып, сәндік элементтерді асықпай, аптықпай, бағытты түрде салуға тырысқан. Бұл бір жолғы еңбек емес, одан бұрындары да Райттың математикалық есептік техникамен сурет салуда аты танымал болып келген-ді. Естеріңізге сала отырсақ, дәл осы бір техникалық үлгі италиялық сәулетшілер Ренессан Филиппо Брунеллеши мен Леон Баттист Альбертилердің заманы тұсында дүниеге келген.

Бүгінгі заманның суретшісі бағыт айырып, бағдар тани отырып, бал тамған бармақтан шыққан абстрактылы бедерлерімен  бас айналдырарлық кеңістік иллюзиясын жасайды. Тұтас бір бүтін сурет болып табылатын 47,000 жұлдыз Ричард Райттың тап-тамаша дизайнерлік тапқырлығы ғана емес, сонымен қатар өнер жолындағы аяқ-алысын танытатындай.

Сурет:www.online-torg.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек