Амстердам дүкеніндегі 156 секундтық олжа

Амстердам қаласында орналасқан Saturn атты неміс электроника дүкені жақында өте ерекше конкурс өткізді. Конкурс ережесі бойынша: жеңімпаз 156 секунд ішінде дүкеннен алып шыққан техника оған тегін берілетін болды. Аталған конкурсты ұтып алған амстердамдық ер азамат 2 минут 36 секунд ішінде дүкеннен екі теледидар, он шақты Apple ноутбугін сонымен қатар, фотоаппараттар, камералар мен бағалы телефондарды алып шықты. Кейінірек, дүкен әкімшілігінің хабарлауынша, әлгі «шапшаң» жігіт 30 мың евроға сый жинапты.

writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/BKx2cImt5xs?version=3&hl=ru_RU","width":"420","height":"300"});

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: mirfactov.com