- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Америкалық жастардың ойыны...
Америкалық жастардың ойыны осылды
Nathan for You атты америкалық танымал комедиялық шоудың жүргізушісі Натан Фидлер өз көрермендеріне ата-ананы алдап-соғудың амалын айтқан екен.
Канадалық күлегеш туиттер-аккаунтында ата-аналарын алдап соғудың ең бір «керемет» тәсілін ұсыныпты: келісе кеткен жастар «2 грамм бар, құны 40 доллар» деп, ал кейін «Кешір, бұл саған арналмаған еді» деген мәтіндері бар SMS жазған. Бұдан кейін ата-ананың жазған жауабын әркім өз микроблогында жариялауы керек болған.
Фидлердің көрермендері бұл ақыл-кеңестің қаншалықты қауіпті екенін де сезбеген. Өз ата-аналарының алдында наркодилер болып көрінгісі келген жүздеген жастар (әзілқойлардың нақты саны белгісіз А.Қ.), күтілгендей-ақ, ата-аналарынан сөгіс естіген. Ата-ананың бір парасы бұл ойынды түсінбеген болса, бір парасы көлігін тартып алу, колледжге тапсыртпай қою, қайта қалыпқа келтіру орталығына беру, тіпті түрмеге тоғыту сияқты жаза беретіндерін айтып, қорқытқан екен.
Өз балаларынан көңілі қалған ата-аналар ата-аналықтан бас тартуды да көздейтінін айтып салған. Туиттер-аккаунттарда қаптаған жауап SMS-терде өз балаларының бұл дүниеге келгеніне өкінетінін жеткізген мәтіні бар хаттар да кездесіпті.
Ал біршама күннен кейін шатаққұмар тележүргізуші туиттердегі қаптаған скриншоттарды көріп, отбасылық проблемаларын шешіп беруге талпыныс білдіріпті. Фидлер өзінің телефон номерін әлеуметтік желіге жазып, ойнаймын деп от басқандардың ата-аналарына хабарласатынын айтып, уәде берген. Десек те, оған да сенбейтіндер баршылық екен...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: smeha.net
А. Құлтай