Америкадағы шие дәнегін алысқа түкіру жарысы

Америкада 39-шы рет шие дәнегін алысқа түкіруден ең үздік анықталды. Бұл жолғы жарыста өмірінде бірінші рет қатысып отырған Ронн Мэтт жеңімпаз атанды. Ол шие дәнегін 21 метр 45 сантиметрге жеткізе алды.

Соңғы жиырма жылда турнирді Краузе мен Лессард отбасылары жеңіп келген болатын. Сол есепті 46 жасар Мэттің бұл жетістігін көпшілік үлкен ерлікке санап отыр. Ал аталған отбасы мүшелері екінші мен үшінші орындарды өзара бөлісті. Яғни Краузе, Рик шие дәнегін 18 метрге жеткізсе, тиісінше олардың інілері Мэтт 17 метрге түкіре алған.  

Айта кетсек, осы бір турнир 39 жыл бұрын ең алғаш рет тұсауын кескен болатын. Содан бері Мичиган штатында жылына бір рет өтіп тұрады. 

Естеріңізге салсақ, Америкада шие дәнегін түкіруден басқа да қызықты жарыс түрлері жетерлік. Мәселен, жақында ғана аяқталған хот-дог жеп жарысудан бұрын-соңды болмаған көрсеткіш орнады. Нақтысы, турнир жеңімпазы 10 минут ішінде 68 хот-дог жеп тауыса алған.

Сурет:colxoz.com

Дайындаған: Фараби Бақыт