Америка тұрғыны жолбарыспен бетпе-бет қалып қойды

Америка тұрғыны жолбарыспен бетпе-бет қалып қойды

Циркке 3 жасар қызымен бірге келген Америка тұрғыны Дженна Крибел жолбарыспен бір бөлмеде бетпе-бет қалып қойды.

Куәгерлердің айтуы бойынша, көрініс кезінде жолбарыс үйретушілерден қашып кетіп, дәретханадан бір шыққан.

Дженнаның айтуынша, ол жыртқыш аңды жақын қашықтықтан бірінші рет көрген. "Жолбарысты көре сала, өз-өзіме келуге тырыстым. Содан соң, жаймен кері қарай бұрылып, ары қарай жүре бастадым. Дәл осы кезде цирк қызметкерлерінің дауысын естідім. Олар менің дәретхана бөлмесінен шығуым керек екендігін айтты", - деді әйел.

Кирбел бұл оқиға оның өміріндегі ең қорқынышты сәт болғандығын айтты. "Циркке енді келгім келмей қалды", - деді ол журналистерге берген сұхбатында.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: dailytimes.com.pk

Massaget