Франциялық азамат Альпы тауымен Монбланға өрмелеп шыққан жолда құны € 246,000 (£207,000) доллар тұратын алтын қазына тауып алған.
Інжу мен рубин, жақұт тастары салынған сандықша жарты ғасыр бұрын апатқа ұшыраған ұшақ қалдықтарының бірінен табылған. Жасырылған. Ең бастысы, әлгі жас ер адам Франция полициясына хабар жеткізіп, өз кезегінде өзі туралы әділдік пен адалдық турасындағы ұғымның иесі атанып шыға келген.
"Жағдайды бірден түсініп, бағамдап үлгерген ақ жүректі азамат алтынның осыдан жүз жыл бұрын мұз құрсауда қалған басқа бір жандыкі екенін түсінген, - дейді жергілікті бас жандарм, - Алтын туралы ешкімге айтпай-ақ өзіне қалдыруына болушы еді. Алайда, ер адам іске армен кірісіп, оларды полицияға тапсыруды жөн көріпті".
Полиция кеңсесі алтын сандық альпинист тарапынан осы айдың орта тұсында аяқ киімдер арасынан "Үндістанда жасалған" деген заттық белгісі бар шүберек қаптан табылды деп хабар таратады. Қазіргі уақытта франциялық үкімет үндістандық билікпен алтын сандықтың иесін анықтауда қарым-қатынас орнатуда екен. Егер иесі табылмай жатқан жағдайда, жас альпинист тапқан алтынды франциялық үкіметтің келісімімен өзіне қалдыра алатын көрінеді.
Монбланда 1950 жылы және 1966 жылы "Air India" компаниясының екі бірдей ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Әлі күнге альпинистер қалдықтар ұшыратып келуде. Өткен жылы Үндістан үкіметі тау шатқалдарының бірінен құнды құжаттарды тауып алған еді.
Франциялық үкімет өзге елдің меншігіндегі заттарды өз иесіне жіберуге құлықты екенін жеткізіп отыр.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: vinnitsaok.com.ua