Альпі тауларының үстінен ерекше көпір салынды

Альпі тауларының үстінен ерекше көпір салынды

Швейцариядағы Альпі тауларының үстінен ерекше аспалы көпір салынды. Ол Еуропадағы рекордтық саналатын 3 мың метр биіктікте орналасқан екен. Көпірден өтуге кез келген адамның жүрегі дауаламайтын көрінеді. Себебі көпір ені тым қысқа, 1 метр, ал ұзындығы 100 метрді құрайды. Оның үстіне жасанды құрылыс тау шыңырауынан орын тепкен. Сондықтан ерекше көпір адамдар үшін нағыз адреналин тудыратын орынға айналып отыр.

12

Көпір құрылысын аспалы жолдарды салумен айналысатын жергілікті компания салған екен. Көпір Engelberg-Gerschnialp аспалы жолының 100 жылдығына орай ашылып отыр.

Құрылысшылардың айтуынша, көпір қатты желге де төтеп бермек. Нысан Энгельбергтегі атақты тау шаңғысы курорты жанында орналасқан. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет