Биылғы жаз өзгелерден ерекше. Отандық туризм нағыз сынақтан өтетін күн туғандай. Қазақстанның қай өлкесі болсын, өзіндік табиғи құндылығымен, тарихи жәдігерімен таңғалдырады. Атырау мен Алтайдың, Арқа мен Алатаудың арасы тылсым дүниелерге толы. Осыған орай назарларыңызға Алматы мен Алматы облысында отбасымен бірге автосаяхатқа шығуға болатын көрнекі жерлерді ұсынамыз.
Үлкен Алматы көлі мен Шоқыр шатқалы
Үлкен Алматы көлі – Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28 шақырым қашықта орналасқан Іле Алатау жотасындағы көл. Теңіз деңгейінен 2497 метр биікте орналасқан көл – ерекше сұлу. Көлдің әсіресе жаз мезгіліндегі көрінісі өте керемет. Адамға жайма-шуақ әсер береді. Егер күнделікті күйбелеңнен қажысаңыз, бір уақыт табиғат аясында тыныстаңыз.
Үлкен Алматы көліне барар жолда "Альпийская роза" қонақ үйінен өткен соң, соқпақ жолға түссеңіз жарты сағаттан кейін Шоқыр шатқалына жетесіз. Туристер арасында аса танымал болмағандақтан бұл жерде адамдарды көп кездестіре бермейсіз. Дегенмен жолының қиындығына қарамастан Шоқыр шатқалына бару әрбір туристің парызы істпеттес. Өйткені бұл жерден әсем тауды, көздің жауын алатын дала мен сарқыраманы тамашалауға болады.
Отбасымен бірге Үлкен Алматы көліне жол тартсаңыз, SUV класындағы көлікті таңдаған жөн. Жол түгелдей дерлік асфальт болғанымен оның өз қиындығы да бар. Ал Chevrolet Tracker секілді кроссовермен кез келген өрге қиналмай шығып, ойлы-қырлы жолмен алаңсыз жүруге болады. Көліктің төрт цилиндрлі қозғалтқышы қуаттылығымен қоса өте үнемді. 103 аттың күші бар. Көлге Chevrolet Malibu бизнес-седанымен де жол тартуға болады. Турбиналы қозғалтқышы биік жолды оңай еңсереді. Ал көлемі 3,6 литр болатын, 207 аттың күші бар Chevrolet Trailblazer – жол талғамайтын, нағыз тау-тасқа арналған авто.
Есік көлі
Есік көлі – бұл су деңгейінен 1780 метр биікте орналасқан, айналасы орманмен астасып жатқан, Есік аумағындағы көл. Көл шамамен 8-10 мың жыл бұрын тау жыныстарының 300 метрлік тектоникалық ығысуынан пайда болған. Көл жазда да, қыста да әдемі.
Ауа-райының құбылуына қарай көлдің түсі өзгереді-мыс. Бұлтты күнде суы сұрға боялса, ашық аспан астында көгілдір бола түседі. Маңайындағы өсімдіктің басым көпшілігі Қызыл кітапқа енген. Аққылтан, жанаргүл, арша, Шренк шыршасы, еңлікгүл жоғалудың алдында тұр. Есік көлінің маңында құстың 150 түрі, жануардың 30 түрі тіршілік етеді.
Есік көлі Алматыдан 70 шақырым жерде орналасқан. Құлжа тас жолымен жүрсеңіз, жолға 1 сағат 30 минуттай жұмсайсыз. Егер Chevrolet Tracker кроссоверімен жолға шықсаңыз, саяхаттан екі есе тамаша әсер аласыз.
Түрген шатқалы
Түрген шатқалы ыстық қайнар көздеріне, тәлімбақтар мен сарқырамаларға бай. Бір шатқалдың өзінде сегіз сарқырама бар, ең танымалы – "Аю" сарқырамасы. Ол жолға жақын орналасқандықтан туристер үшін демалуға таптырмас жер саналады.
Биіктігі 40 метр болатын "Аю" сарқырамасы орман шаруашылығынан үш сағаттық жерде орналасқан. Жол бойында таза бұлақтар, этно-ауыл, одан кейін Алтын адам ескертіші мен сақ қорғандарын кездестіруге болады.
Түргенге Алматыдан екі бағытпен баруға болады: Құлжа және Талғар тас жолымен 70 шақырым жүріп, Түргенге бұрылу қажет. Жол жақсы, дегенмен кейбір жері тасжолсыз не биік болады. Бұл сапарға Chevrolet Tracker кроссовері ыңғайлы.
Ал егер Ассы-Түрген обсерваториясына да дейін көтерілгіңіз келсе, Chevrolet Trailblazer таптырмас көлік болады.
Таңбалы-Тас
Алматы қаласынан 170 шақырым қашықта орналасқан Таңбалы-Тас мекені – қола дәуірінен қалған тарихи жер. Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Қарабастау ауылының Таңбалы шатқалында орналасқан бұл тастарда 5000-дай таңба бар.
Тасқа қашалып жазылған бұл таңбалардың жалпы аумағы – 3800 гектар, соның 9 гектары аса маңызды тарихи орын. Суреттерде жабайы аңдардың түрлері көп кездеседі. Бұғы, өгіз, қасқыр, жылқы, құлан, тауешкі бейнелерінен бөлек, шайтан бейнесіндегі адам, бетперде киген садақшы сияқты петроглифтер де кездеседі.
Таңбалы-Тасқа тек танымдық саяхат жасап қана қоймай, Іле өзені бойында тамаша уақыт өткізуге болады. Шатқалға дейінгі жолға 2 сағат кетеді. Бұл саяхатқа Chevrolet Trailblazer сенімді серік бола біледі.
Шарын шатқалы
Шарын шатқалы Алматы қаласынан 195 шақырым, Талғар ауданынан 180 шақырым қашықта орналақсан. Шатқалды бойлай ағып жатқан Шарын өзені ең үлкен өзен аңғары саналады. Табиғаттың мұндай көркі сонау 30 миллион жыл бұрын пайда болған.
Шарын шатқалының "Аустралия Ұлттық саябағы" мен "Аризона толқынына" ұқсайтын белгілері бар. Шарын шатқалында биіктігі 150-300 метрге дейін жететін "Қамалдар аңғары", "Жалмауыз кемпір шатқалы" және тағы басқа құмды жарлар бар. Жергілікті халық шатқалды "қорғанды қамалдар аңғары" деп атайды. Аңғар ұзындығы – шамамен 2 шақырым, ені 20-80 метрге дейін барады.
Алматыдан 4 сағаттық жерде, 200 шақырым қашықта орналасқан. Chevrolet Tracker және Chevrolet Malibu көліктері сізді діттеген жеріңізге – шатқалды тамашалайтын алаңқайға дейін жеткізеді. Егер шатқалдың ішіне түскіңіз келсе, жол талғамайтын Chevrolet Trailblazer көлігімен жүріңіз.
Көлсай көлдері
Тянь-Шаньның солтүстік аймағында орналасқан Көлсай демалыс орны қазақстандықтарға жақсы таныс. Алыс-жақын шетелден де келіп демалатындар саны көп. Моншаққа оранып жатқан орманды, таулы аймақтың қонағы болу да бір бақыт.
Көлсай көлдері Алматыдан 300 шақырым қашықта орналасқан. Жақында Көлсайдың өзіне дейін жаңа тас жол салынып, табиғаттың тамаша сыйлығына дейін жету оңай бола түсті. Алыс жолда Chevrolet Trailblazer не Chevrolet Tracker сенімді серік болады. Таңдау өзіңізде!
Қайыңды көлі
Керемет көрінісімен жан баурайтын Қайыңды – Қазақстандағы ең жас көл. Ол Алматыдан шығысқа қарай 280 шақырым қашықта орналасқан. Көл айналасында қарағай мен қайың қалың өскендіктен, жергілікті жұрт су айдынын Қайыңды деп атап кеткен. Көз тартар көрініске ие танымал туристік орынның пайда болу тарихының өзі өзгеше. Көл XX ғасырдың басында Алматы маңында болған табиғи апат салдарынан пайда болған.
Қайыңдының басқа көлдерден ерекшелігі – көл ортасында су астынан найзаға ұқсас ұзын ағаштар шығып тұрады. Мұнда келген немесе суретін көрген адам ең бірінші осының сырын айтуды сұрайды. Бұл – бір ғасыр бұрын осы сайда өскен биік қарағайлардың ұштары. Тамыры жер қабатында, кеудесі су астында қалған күнсүйгіш қарағайлардың ұшы көл бетінен 15 метр биік тұр.
Жол жүруге қолайлы Chevrolet Trailblazer көлігі сізді Қайыңды шатқалына дейін еш уайымсыз жеткізеді. Өйткені Саты ауылынан өткен соң, жолсыз бағытта тек толыққанды жол талғамайтын көлік қана құтқарады.
Пандемия жазғы жоспарыңызды бастан-аяқ өзгертіп жіберсе де әр нәрсенің өз қайыры бар екенін естен шығармайық. Отбасымен бірге санитария талаптарын сақтай отырып, жергілікті көрікті мекендерге де саяхаттауға болады. Ал бұл саяхатта Chevrolet көліктері сіздің сенімді серігіңізге айналады.
Еске салайық, Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2015 жылы басталды. Бүгінде екінші деңгейлі банктерден 4 проценттік мөлшерлемемен жаңа көлік сатып алуға болады.
Серіктес материалы