- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- «Аллилуйя, Аватар!» таулары...
«Аллилуйя, Аватар!» таулары
"Аватар" фильмін барлықтарыңыз да көрген шығарсыздар? Ондағы әсем тауларды ше? Сол таулар Қытайдың Хунань ауданында орналасқан. Олар фильмге байланысты «Аллилуйя, Аватар!» атауын алды. Пандораның сәнін келтіріп тұрғандар да солар. Қытай басшылығы Джеймс Кэмерон блокбастерінің табысты сәтін пайдаланып, таудың атын өзгертуге шешім қабылдады.
Фильмді түсіруші топ 2008 жылы Хунань ауданына қонаққа барып, әсем көріністерді суретке түсіріп алады. Артынша сол суреттердің көмегімен көгілдір экранда Пандораның пейзаждарын жасайды. Аватардың әлемдік кино прокаттарындағы зор жеңісінен кейін туристерді шақыру мақсатымен атын өзгертеді. Осылайша Цзянькуньчжу атауы «Аллилуйя, Аватар!» деп өзгертілді. Дұрыс шешім қабылдадық деген шенеуніктер туристер легін асыға күтуде.
Биіктігі мыңдаған метрді құрайды.
Жергілікті тұрғындар мен басшылық «Пандора алыс болғанмен, Чжанцзяцзе тура қасымызда» деп жарнамалап та жүр.
Бұл аймақ биіктігі 800 метрді құрайтын кварцит тауларымен атақты. Улинъюаняның ең биік шыңдары теңіз деңгейінен 3 шақырым биіктікте жатыр. Мұнымен қатар, аймаққа ерекше көрініс сыйлап тұрған: тропикалық орманның үстіне жайғасқан алып тас діңгектер. Үшкірленген шыңдар, сарқырамалар, үңгірлер т.б. бар. Саябаққа кіру бағасы 158 юань. Және бір билетпен екі күн аралауға болады.
Барар жолды айтар болсақ, әуежай саябақ қақпасынан 33 шақырым қашықтықта орналасқан. Яғни Чжанцзяцзе қаласынан 10 шақырым алшақ жатыр. Саябаққа тура апаратын микроавтобустар темір жол вокзалының алында туристерді күтіп тұрады. Қытайдың Чжэнчжоу, Гуанчжоу аудандарында жүретін пойыздармен 1 сағаттың ішінде жетуге болады.
Көздің жауын алар бұл жерлерге барушы туристердің саны күннен-күнге артып келеді екен.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: zn.by
Қ. Бүйенбай