«Алиса таңғажайыптар әлемінде» - көпшілік халықтар арасында танымал, қызықты ертегілердің бірі. Оның бұл жолы өнер иелеріне шабыт сыйлауы кездейсоқтық емес. Дизайнерлер, суретшілер, режиссерлер бұл ертегінің желісін өз шығармашылығында қолданып жүр. Токиодағы ерекше мейрамхана иесін де осы ертегінің желісі шабыттандырып отыр. Мейрамхана осы ертегіге арналып, соның атын иемденуде. Жапондықтарға тән нақтылықпен жасалып, декорациясы Льюис Кэрролланың ертегідегі суреттерімен безендірілген. Дизайн идеясы осы секілді ерекше интерьер жасауға құмар Fantastic Design Works студиясынікі. Токиолық мейрамхананың дизайны – осы саладағы нағыз теңдесіз дизайн.
Дизайнерлер Кацунори Судзуки мен Эйити Маруяма интерьердің негізі ретінде 1951 жылы шыққан Дисней мультфильмін алып отыр. Құрастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты таңғажайып пен көз сенбестей дүниелерге толы әлем жасау. Және бұл олардың қолынан келді. Әрбір келуші өзін бұл жерде таңғажайып әлемде жүргендей сезіне алады.
Кіре салысымен келушілер бірінші болып фолиантты, яғни қалың кітапты көреді. Ертегіде де Алиса алдымен қалың кітапты көрген. Еден ертегідегі Зазеркальдың еденіне ұқсас шахмат тақтайшасы секілді жасалған. Мұнымен қатар кеңістікті жалған үлкейтетін айналар да бар.
Лабиринт ағаш шарбақ мейрамхананың басты залын бірнеше бөліктерге бөліп тұр.
Әртүрлі калибрлі есіктер залға шашыраңқы етіліп орналастырылған. Керегеде «Алиса таңғажайыптар әлемінде» ертегісінің алғашқы иллюстрациялаушысы Джон Тенниелдің суреттері ілінген.
Төбеден ойын карталарын, жүрек пішіндес люстраларды және ескі заман бас киімдерінің бейнесіндегі абажурларды көруге болады. Той залына кіре берісті Патшайымның айнымас қорғаушысы Черв күзетіп тұр, ал патшайымның өзі қылтимадан келушілерге қол бұлғап тұр. Шебер ертегіші ойлап тапқан шахмат тақтайшасына ұқсас орындықтар, ойын карталары, келушілердің орындықтарына айналған алып шәшкелер – осының бәрі расымен де таңғажайыптардың ішінде жүргеніңізге сендіреді.
Мейрамхананың әрбір залы Алисаның басынан өткен оқиғаларының желісінен алынған. Таңғажайып әлемнің жалпы көлемі – 228 шаршы метр. Жоба дизайнерлері келушілерге барынша ыңғайлы етіп безендіруді ертегі бойынша жүзеге асырған. Интерьері нақты ойластырылған.
Даяшылардың мейрамхананың сәнін құртпай Алисаның киімін киінген.
Мұнымен қатар, мәзір де өз алдына ерекше: «Чешир Мысығының жамбасы», «Темекі тартып тұрған қаз», «Червтер патшайымының қызыл шарабы қосылып жасалған тұздықтағы бургунд сиыр еті» т.б. Мәзірге жапон, француз, италян елдерінің ең таңдаулы тағамдары кіреді. Тағамдардың ұсынылуы да өте қызық. Мысалы кей тағамдар Чешир мысығының күлкісі секілді әшекейленсе, кей тағамдардың жанына қағазда «мені жеп қой» деген секілді жазулар жазылған.
«Алиса таңғажайыптар әлемінде» мейрамханасы Токионың сауда-саттықпен айналысатын Гинза мейрамханасында орналасқан. Тәулігіне 24 сағат жұмыс жасайды. Бұл Diamond Dining желісінің есебіндегі осымен 4-ші мейрамхана. Мұның алдында үнді стилінде, рок-н-рол рухы бар, «Версаль» сарайына ұқсаған мейрамханалар салған еді. Осылайша шулаған халқы бар Токионың «Алиса таңғажайытар әлемінде» мейрамханасына қонақ болып барып, Алиса, Ақ Қоян, Қалпақшының жанында дәмді тағамдар жеп қайтсаңыз болады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: udivitelno.com