- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Әлемнің үздік 10...
Әлемнің үздік 10 қонақүйі
Рейтингті TripAdvisor сайты жасап шыққан. Тізімге Прагада, Стамбулда, тіпті Маврикийде орналасқан ғимараттар да кірген.
Олай болса, кеттік...
10-орын. Aria Hotel, Чехия.
Прага қаласының қақ ортасында орналасқан әдемі де жайлы орын.
9-орын. Four Seasons Hotel Istanbul at Sultanahmet, Түркия.
Қонақүй ортағасырлық стильде салынған. Айта кетелік, қонақүй ішінде бүкіл Түркиядағы ең үздік мейрамхана орналасқан.
8-орын. Baros Maldives, Мальдив аралдары.
Қонақүй виллалары су үстінде орналасқан. Қонақтарға яхта қоса ұсынылады.
7-орын. The Samaya Bali, Бали.
Шипажай Индонезиядағы ең танымал аралдардың бірінде салынған.
6-орын. Four Seasons Resort Mauritius at Anahita, Маврикий.
Ғимараттың бір жағында лагуна суы шалқып жатса, бір жағында таулар асқақтап тұр.
5-орын. The Upper House, Қытай.
Pacific Place комплексінің бөлігі болып табылатын қонақүй Гонконгтың қақ ортасында тұр. Бөлмелер мұнараның 38 қабатында орын тепкен.
4-орын. Rudding Park Hotel, Англия.
Хэрроугейт қалашығында орналасқан қонақүй тарихи архитектураның фонында гольф ойнағанды жақсы көретін жандар үшін таптырмас орын.
3-орын. Onyria Marinha Edition Hotel & Thalasso, Португалия.
Қонақүй Лиссабоннан 20 минуттық жерде орын тепкен. Орталықта талассо-терапия бөлмелері мен әдемі спорттық алаңдар бар.
2-орын. Cape Grace, ОАР.
Қонақүйде жиі джаз музыкасын сүйтенідер үшін концерттер ұйымдастырылады.
1-орын. Four Seasons Resort Hualalai, Гавай аралдары.
32 қабатты ғимарат су жағасында орналасқан. Қонақүй шекарасында вулкандық жыныстың үстінен ойылып салынған бассейн бар.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
суреттер: onyriaresorts.com, golfholidays.com, today.kz
Massaget