Әлемнің ерекше көпірлері

Таяуда әлемнің бірқатар қауіпті көпірлері туралы сөз қозғаған болатынбыз. Ендігі кезекте аса танымал болмаса да, ерекше көпірлер жайлы айтуды жөн санадық.

Нидерланды еліндегі көрінбейтін көпір

Голландықтар бұл қорғанды 17-ғасырда жасаған. Оның тарихи келбетін жоғалтпас үшін олар бір көргенде байқамайтын көпір жасаған. Бұл көпірді жергілікті халық «Моисей көпірі» деп атап кеткен. 

Нидерланды еліндегі ұшатын көпір

Голландияның Леувардан қаласындағы бұл көпір екі аймақты біріктіреді. Алайда, бұл көпір арнайы құрылғылардың арқасында аспанға қарай көтеріліп тұрады.

Хидервиктен шыққан қозғалмалы көпір. Ұлыбритания

Жайылған көпірдің жылжымалы екенін бір көргенде аңғару қиын. Қозғалтқан кезде ол дөңгелек пішінді болып кетеді.

Гуаитара өзеніндегі көпір. Колумбия

Басқа көпірлерден ерекшелігі бұл көпір үстінде Las Lajas Cathedral шіркеуі бар. Көпір шіркеу ғимаратының бір бөлшегі іспетті. 

Үзілетін көпір. Норвегия

Бұл көпірді жергілікті халық «суайт көпір» деп атайды. Себебі, көпірмен көлік тізгінін ұстап келе жатқан жан оның орта жолда үзіліп кететініне сенімді болады. Алайда, құлап кетудің орнына автомобиль жүргізушілері айналмалы жолдың бар екенін аңғарады.

Трифт аспалы көпірі. Швейцария

Альп тауындағы ұзындығы 170 метрге жететін көпірмен тек қана төзімді жаяу жүргіншілер ғана жүре алады. 100 метр биіктікте орналасқан аспалы көпірмен жүйке жүйесі мен жүрек ауруларына шалдыққан жандардың жүрмегені абзал. 

Ханчжоувань шығанағындағы көпір. Қытай

Hangzhou Bay Bridge көпірі Шанхай мен Нинбо қалаларын байланыстырады. Ұзындығы 36 шақырымға жететін бұл көпір әлемдегі ең ұзын трансмұхиттық көпір болып саналады.

 

Әйнектен жасалған көпірлер. Қытай мен Америка Құрама Штаттары

Қытай елінің мақтанышы Чжанцзяцзе ұлттық саябағы орналасқан Тяньмень тауында әйнектен жасалған көпір бар. Жерден 1430 метр биіктікте салынған бұл көпір тау қырында орналасқан.

Ал Американың Гранд шатқалында әйнек көпір ат тағасына ұқсайды. Биіктігі шамамен 1200 метр. Ал шатқал бөктерінен 21 метр қашықтықта салынған. 

ДНҚ көпірі. Қытай

Бұл көпір жобасы бекітілгенмен әлі салынған жоқ. Ерекше көпір жобасының авторлары танымал «WXY Architecture» сәулет студиясы. Сычуань елді мекеніндегі Nanhe өзенінің бойында орналасатын бұл көпір ДНҚ құрылымына ұқсағандықтан жоба авторлары ат тапқан кезде аса қиналған жоқ.  

Суреттер: https://blog.tripplan.ru