Әлемнің ең таза су айдындары

Әлемнің ең таза су айдындары

Сіздердің назарларыңызға әлемнің ең таза және ең мөлдір су айдындарының ондығын ұсынамыз.

1. Мальдив аралдары

Мальдив аралдары -  әлем туристерінің сүйікті мекені. Сүйікті атануының себебі толып жатыр – ол күн мен теңіз және де ғажап аралдар. Мұнда судың тазалығы сонша қайықтар отырып, теңіз түбінде өз көлеңкеңді көруге болады.

2. Австралия

Үңгірдегі су қызыл тастан құралған және таң қаларлығы су өте мөлдір. Су түбін көруге кедергі болатын жалғыз нәрсе - құламаның әсерінен пайда болатын судың шымырлануы.

3. Бес түсті көл. Қытай

Бұл өзен солтүстік қытай провинциясы Сычуаньдағы Цзючжайгоу алқабында орналасқан. Бес түсті көл өзінің түбімен танымал. Көл түбіндегі ескі ағаштар кілемдей төселген және мөлдір су қабатымен жабылған.

4. Сардиния

Туристердің тағы бір сүйікті жерлерінің бірі. Мұнда сөзбен суреттеудің де қажеті жоқ, суретке қарап-ақ, бәрін түсінуге болады. Жерорта теңізінде көлемі жағынан екінші орындағы арал және де Сардиния өте сирек кездесетін жануарлар мен балықтардың отаны болып есептеледі.

5. Кратер көлі

Орегон штатында орналасқан Кратер көлі жеті мың жыл бұрын ескі вулканның жарылуынан пайда болды.

6. Piccaninnie Ponds, Австралия

Бұл тоғандар – Австралия елінің оңтүстігінде орналасқан нағыз қорық. Бұл жердің кереметтілігін тек арнайы рұқсат алғаннан кейін тамашалауға болады.

7. Машу көлі

Әлемнің ең мөлдір көлдерінің бірі өзінің атауын аттас тауға байланысты алған. Аталған көл дәл сол таудың етегінде орналасқан. Мұнда судың мөлдірлігі 41,6 метрге жетеді.

8. Шеосар көлі, Пәкістан.

Пакистан елінің солтүстік бөлігінде орналасқан табиғи көлдің ғажаптығы соншалық, ол адам қолымен жасалған деп те ойлап қалуға болады. Таулармен қоршалып, көл жағасында жүрген жануарлар қарап, Шеосар көлін шынымен де әлемнің ең әдемі жерлерінің бірі десек қателеспейміз.

9. Пейто көлі

Пейто көлінің тартымды көгілдір ақығы жергілікті мұздықтың ісі.

10. Байкал көлі

Өзінің тазалығынан бөлек, Байкал көлі әлемдегі ең терең көл ретінде де танымал. Осы орынға басты үміткер Таньганьика көлінің өзі көшбасшы көлден 200 метрге таяз болып саналады. Көктем кезінде Байкал суының мөлдірлігі 40 метрді құрайды.

Сурет: asaratov.livejournal.com, beway.ru, liveinternet.ru, otpusk.mirtesen.ru, life-planet.net, bugaga.ru, drugoevremya.com, populartourismplace.com, tchudesa.ru

Ж. FM