- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Әлемнің ең лас...
Әлемнің ең лас қалалары
Американың Mercer Human аналитикалық ұйымы 2012 жылдың қаңтар айында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әлемнің ең лас 10 қаласын анықтаған болатын. Бұл қалалардың барлығында өнеркәсіп орталықтары орналасқандықтан, қаланың экологиялық жағдайы өте нашар.
Mercer Human компаниясының зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, қоршаған ортаның ластануы жер жүзінің миллиардтаған тұрғынының денсаулықтарына кері әсерін тигізіп, өз зиянын келтіреді.
1. Чернобыль, Украина
1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом электр станциясында сынақ кезіндегі үлкен жарылыс салдарынан 30 адам қаза болып, 135 000 адам қауіпсіз аймаққа көшірілген. Бұл жарылыс салдарынан қала мен жақын аймақтарға кең көлемде радиация таралды. Чернобыль қаласындағы жарылыс - бүкіл әлемдегі ең үлкен ядерлық апат. Қаланың экологиялық ахуалы шамамен 5,5 миллион адамға залал келтірген.
Қаланы ластайтын зиянды заттар: радиактивті йод, ауыр металлдар, уран, плутоний, стронций.
Қаланы зиянды заттардан тазарту жұмыстары әлі күнге дейін жүргізілуде.
2. Хайна, Доминикан Республикасы
Байос де Хайна деген атымен кеңінен танымал бұл аймақ табиғаты автомобиль аккумуляторын шығаратын зауыт қалдықтарынан нашарланған. Әсіресе, қорғасын өндіруден шыққан қалдықтар жергілікті тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Хайна өңірінің тұрғындары қорғасынмен қатты уланғандықтан, сәбилер іштен кем туылып, үлкен кісілер психикалық ауруларға душар болады екен.
Қаланы ластайтын зиянды зат: қорғасын. Шамамен 85 000 адам зардап шеккен.
3. Кабве, Замбия
Замбия астанасы Лусака қаласының солтүстігінен 150 шақырым қашықтықта жатқан Кабве қаласы қазба байлықтармен кеңінен танымал. 1902 жылы бұл қалада қорғасын кен орны табылған. Қаланың ауыр металлдармен ластану деңгейі қажетті шамадан 4 есе көп. Қала тұрғындары бұлшықет атрофиясы мен созылмалы бүйрек ауруларына жиі шалдығады. Шамамен 250 000 адам ауыр металл қалдықтарымен уланған.
Қаланы ластайтын зиянды заттар: қорғасын, кадмий
4. Линьфынь, Қытай
Қытайдың ең лас қаласы. Бұл өңірде көмір өндіріледі. Алайда, көмірдің жоғары сұранысқа ие болуы заңсыз шахталардың ашылуына жол берді. Зауыттардан шыққан қалдықтардың салдарынан жергілікті тұрғындар бронхит, өкпен қабыну, оба ауруларына жиі шалдығады. Дүниежүзілік денсаулық сақтай мекемесінің мәліметі бойынша, бұл өңір ауасындағы қос қышқылды күкірт мөлешір шамадан тыс. Шамамен 200 000 адам улы заттардан зардап шегеді.
Қаланы ластайтын зиянды заттар: қорғасын, күл, көміртек, органикалық химикаттар.
5. Майлу-Суу, Қырғызстан
1948 жылы Майлу-Суу өзенінің аңғарында уран өндірумен айналыстаны кен орны жұмыс істей бастады. 1968 жылы Майлу-Суу қаласының маңындағы уран өндіретін екі комбинат жабылды. Алайда, бұл аймақта әлі күнге дейін радиоактивті қалдықтар сақталған. Сел, су көшкіні кезінде бұл қалдықтар басқа аймақтарға таралады. Бұл өңірдің тұрғындары онкологиялық ауруларға жиі шалдығады. Шамамен 23 000 адам улы заттардан зардап шегуде.
Қаланы ластайтын зиянды заттар: ауыр металл, раидоактивті уран
6. Норильск, Ресей
Ресейдің ең лас қалаларының бірі. Бұл аймаққа жауған қар бірден қараяды, ал ауадағы күкірт мөлшері шамадан тыс. Норильск қаласында бір жылда 4 миллион тонна жез, кадмий, қорғасын, никель, мырыш, күшән, селен т.с.с металлдар балқытылады. Өндірістен шыққан қалдықтардың салдарынан 134 000 адам зардап шеккен.
7. Ранипет, Үндістан
Үндістанның Ранипет қаласы былғары зауыттарымен кеңінен танымал. Алайда, зауыттан шыққан натрий хроматы, хром сульфаты т.с.с химикалық қалдықтардың 1500000 тоннасы жер асты су арналарына құйылып, қоршаған ортаны ластайды. Бұл қалдықтардың салдарынан 3 500 000 адам уланған.
Қаланы ластайтын зиянды заттар: химикалық қалдықтар
8. Рудная Пристань, Ресей
Бұл аймақта қауіпті қорғасын концентрациясы кеңінен таралған. Балалардың қанындағы қорғасын мөлшері шамадан 20 есе көп. Атмосфераға жыл сайын 85 тонна мырыш пен қорғасын бөлшектері таралады. Салдарынан 90 000 адам уланған.Қаланы ластайтын зиянды заттар: қорғасын, кадмий, сынап
Суреттер: http://newsmake.net, http://kartcent.ru
Ғ. Ұзақ