Сёйти Ёкои (横井 庄一 Yokoi Shōichi) атты жапондық 1915 жылы 31 наурызда Саориде туған. Ол тарихтағы әлемнің ең «біртүрлі» адамы екен. Сёйти Ёкои туралы бұған дейін біз мына жерде жазып өткен болатынбыз. Оның бұлай аталуының себебі мынау...
Ол 1941 жылы жапон императорлық әскеріне шақыртылады да, 1943 жылы Гуам аралына жіберіледі. Американдық әскерлер бұл аралды жаулап алған кезде Сёйти мен оның бірнеше замандасы жау қолына түспеу үшін қашып кетеді.
Оның жетеуі кейін 2 жыл өткен соң туған елдеріне қайтады. Ал Сёйти екі досымен бірге сол аралдың әр бөлігіне тығылып өмір сүруді жалғастырады. Ылғи қарым-қатынас жасап тұратын достары қайтыс болғанда ол жалғыздықта қалады.
Осылай 28 жыл бойы жер астында тығылып өмір сүрген! Ширек ғасыр бойы сыртқа шықпауының ең бірінші себебі – қорқыныш болған деседі. Ал оның негізгі қорегі майда аң-құстар болған да, киімді жапырақтан жасауға тура келген.
Күндердің күнінде жер асты өмірімен қоштастырған жағдай болады. 1972 жылы 24 қаңтарда оны байқап қалған балықшылар биліктен қашып жүрген қылмыскер екен деп ұстап алады.
Үйіне қайта оралған ол туған жерге тірідей қайтуы намысына тиетінін айтқан. Бұлай болғанша өлуді құп көрген ол Жапониядағы газеттердің «басты жұлдызына» айналады. Қоғамды дүрліктірген батыр адам туралы кейін, 1977 жылы деректі фильм түсіріліпті. Фильмнің аты – «Yokoi және оның 28 жылы» деп аталыпты. 1991 жылы Сёйти Ёкои жапон императоры Акихитоның қабылдауында болады. Өзінің айтуынша, бұл оқиға оның өміріндегі ұлы құбылыс болыпты. Жау қолына берілуді өзіне ар санаған адамды ел дүрлігіп ұлт батыры деп қабылдайды.
Ал көп жылдар өткен соң ғана ол өзінің жалғыз өмір сүруінің құпиясын ашып салды. Ол былай деген: «Менің балалық шағым өте қиын жағдайда өтті. Ал туысқандарым мені ұнатпайтын. Мен джунглиде қалып қойғанымның себебі оларға деген қырсықтығым».
1997 жылы 22 қыркүйекте 82 жастағы Сёйти Ёкои жүрек талмасынан қайтыс болады. Оның басына шешесі 1955 жылы тапсырыс беріп қойған тасы қойылады.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: stosekretov.ru