Әлемге аты шыққан Шарын шатқалы туралы

Алқаптар ғимараты деп аталатын Шарын шатқалы Алматы қаласынан 195 шақырым, Талғар ауданынан 180 шақырым қашықтықта орналақсан. Шатқалды бойлай ағып жатқан Шарын өзені ең үлкен өзен аңғары болып есептеледі. Табиғаттың мұндай көркі сонау 30 млн жыл бұрын пайда болған.

Шарын – қазақ елінің туристерін құшақ жая қарсы алатын қонақжай мекендерінің бірі. Төбесі көкке тиіп тұрған үлкен тастар өздігінен салынған ертегілер қаласын еске түсіреді. Оның пішіндері қолдан салынған ғимарат, мұнараларға қатты ұқсайды. Алып тастардың биік нүктесін бағындыру үшін асқан шыдамдылық пен жігер керек.

Шатқалдың қыр-сырымен тек толық бас сұғып шыққаннан кейін ғана танысып шыға аласыз. Егер алып тастардың қасынан ілгері өтіп, жолмен тіке қарай алға беттей берсеңіз, Жер Ананың шеткі нүктесіне аялдап қалған секілді күйде боласыз.

Шарын шатқалының «Австралия Ұлттық саябағы» мен «Аризон толқынына» ұқсайтын белгілері бар.

Егер сіз экстрим іздеп жүрген болсаңыз, тап осында өзіңіздің қаншалықты төзімді немесе ұтқыр екеніңізді анықтап біле аласыз. Алайда, ескере кетейік, бұл кез келгеннің, тіпті мыңның бірінің қолынан келе бермейтін іс.

Шарын шатқалының төменгі аралығында үнділік бөріқарақат (барбарис) тораңғы терегі жайлап өскен. Күз айларында бұл аңғар қып-қызыл жидектерге толады. Шарын өзенінің сағасында шаған орманы тамырын тереңге жайған. Осы тектес табиғи зона тек Солтүстік Америка жерінде ғана бар. Бұл орман бұрын Жетісу жағалауында жойылып кеткен хайуандар кезінен бері өмір сүріп келеді. Осы аймақта 1500 жуық өсімдік түрі өседі.

2005 жылы каньон аумағы мен шаған орманына қорық жасалып, қазіргі таңда «Қызыл кітапқа» 17 өсімдік, 62 сүтқоректі жануар, 103 ұялайтын құс, 62 бауырымен жорғалаушы еніп, қорғауға алынған.

Оқи отырыңыз: 

Тау басына тізерлеген обсерватория туралы

Түрлі-түсті Дэнсия ландшафты туралы білесіз бе?

Күніне екі мәрте суға кететін көлік жолы туралы білесіз бе?

АҚШ президенттерінің билік басына келгеннен бергі өзгерістері

 

Сурет: titus.kz ,www.sokkaz.kz