Жылы маусымдарда іске қосылатын субұрқақ көпшіліктің көңілін көтереді әрі ауаны салқындатады. Ол түрлі пішінде, қырлы көлемде жасалады. Назарларыңызға әлемдегі ең биік әрі көз тартарлық субұрқақтарды ұсынамыз.
Белладжио субұрқағы
Белладжио қонақ үйінің алдында орналасқан бұл субұрқақ әнмен тербеледі, биіктігі – 140 метрге дейін жетеді. Жаңа шаңырақ көтеретін жұп үйленуге ұсыныс айту рәсімін осы жерде жасаса, неке ғұмырлы да бақытты болады деген сенім қалыптасқан.
Треви субұрқағы
Треви субұрқағы Римдегі ең үлкен субұрқақтың бірі. Биіктігі – 259 метр, ені – 19,8 метр.
Сиқырлы су бұрқақ
Барселона қаласында 1929 жылдан бері қалың қауымға қуаныш сыйлап келе жатқан субұрқақтың архитекторы – Карлос Богас. Мұнда су әуезді әуен арқылы тербеліп тұрады. Испанияға осы нысанды көру үшін арнайы келетін турист көп.
Байлық субұрқағы
Сантек-сити қаласындағы субұрқақ мүсіні адам қолына ұқсайды. Ірі сауда орталығы алдында тұрған субұрқақ әлемдегі ең ірі субұрқақтар қатарына кіреді.
Бурж Халифа су бұрқағы
Әлемдегі ең үлкен әрі архитектурасы жағынан ерекше су бұрқақ Дубайда орналасқан. Бурж Халифа – жаңа нысан. 2010 жылы іске қосылған су бұрқақ әлемнің ең үлкен нысаны Бурж Халифаның жанында орналасқан. Ұзындығы – 275 метр. Тербеліс кезінде су 150 метр биіктікке көтеріледі. Бұл шамамен 50 қабат биіктігімен тең.
Джет Део су бұрқағы
Сағатына 220 шақырым жылдамдықпен 140 метр биіктікке жететін субұрқақ қаланың қай түкпірінде тұрсаңыз да көрінеді. Көз тартарлық субұрқақты көру үшін жыл сайын қалаға шетелден туристер ағылады.
Президент саябағындағы субұрқақ
Әлемнің үздік субұрқақтарын тізбектей келе, өз еліміздегі ең үлкен субұрқақты да қосып қойғанымыз артық болмас. Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті саябағының кірген жерінде орналасқан таңғажайып субұрқақты тек көзбен көру керек. Оның биіктігі – 21 метр.